Аудандық аппараттық кеңесте 3 мәселе қаралды

Бірінші мәселе бойынша аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Махмут Аябекұлы наурыз айында өтетін мерекелік шараларды ұйымдастыру туралы баяндама жасады.
Жиында наурыз айында өтетін мерекелер бойынша іс—шаралар жоспары талқыланып, аудан басшысы Нұрбол Әбдімәжитұлының тарапынан тиісті тапсырмалар берілді.
Екінші мәселе — аудандағы коммуналдық меншіктегі нысандардың жай күйі, сенімгерлік басқаруға берілген коммуналдық мүлікті жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сатып алу құқығынсыз жалға беру бағытында атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелердің шешілу жолдары туралы Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Қайрат Терлікбаев баяндады.
Сонымен қатар, күн тәртібіндегі үшінші мәселе — Бостандық ауылдық округінде 2023 жылы тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсарту, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту бағытында және даму жоспарының орындалуы бойынша ауылдық округ әкімі Мұратхан Рысдаулетов есеп берді.
Аталған мәселелер бойынша туындаған сұрақтарға жауаптар беріліп, тиісті тапсырмалар жүктелді.

Талас ауданы әкімдігі