АУДАН ӨНІМДЕРІ ЖӘРМЕҢКЕДЕ ҰСЫНЫЛДЫ

Тараз қаласындағы «Grand bazaar» сауда кешенінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған шараға Жамбыл ауданының өнімдері де ұсынылды. Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жәрмеңкеде жалпы құны 21,5 млн. теңгені құрайтын 36,3 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылуда. Оның ішінде 9,7 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 2,5 тонна шұжық өнімдері, 3,0 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 3,4 тонна макарон өнімдері, 0,6 тонна балық, 6,0 тонна ұн, 1,2 тонна бал және 9,4 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар. Аталған жәрмеңке облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік беруде.

Жамбыл ауданы әкімдігі