Аудан әкімі жас спортшылармен кездесті

Киелі Құлан өңірі спорт саңлақтарының, Олимпиада чемпиондарының мекені.

Өткен аптада Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ернар Есіркепов ауданның спортшыларымен және олардың жаттықтырушыларымен кездесу өткізді.

Еркін форматта өткен кездесуде түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарды иеленіп, ауданның абыройын асқақтатып жүрген спортшыларымен пікір алмасып, ұсыныстарын тыңдады. Ауданның спорттағы жетістіктерін арттыру жолында, ел мерейін асқақтату жолында көтерілген ұсыныс-пікірлердің бәрі назарға алынып, алдағы уақытта шешілу жолдары қарастырылатынын жеткізген аудан басшысы Ернар Серікәліұлы түрлі деңгейдегі спорттық шараларда аудан намысын абыроймен қорғап жүрген азаматтарға ризашылығымды білдіріп, жеңіс туын әрдайым биіктен желбіретуге тілектестігін жеткізді.
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі