Атырауда инфекциондық стационарда апта бойы 60 медициналық қызметкер жұмыс істеуде

Медициналық қызметкерлер күн сайын Cоvid-19 індетін жұқтырған науқастарды емдеп, оларға қажетті күтім көрсетеді.

Облыстық аурухана директорының орынбасары Надя Ерғалиеваның айтуынша, медициналық қызметкерлер арасында дәрігерлер, медбикелер, фельдшерлер, еден жуушылар мен ағаш ұстасы бар. 27 наурыздан бастап 60 медициналық қызметкер ауруханада қызмет етуде.
– Біз әзірге инфекциялық стационардан шыға алмаймыз, өйткені дертке шалдыққандармен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Індеттің алғашқы оқиғасынан біз осында болып, туыстрымызбен телефон арқылы байланыстамыз, – деді Надя Ерғалиева.

Айта кетейік, облыстық аурухананың инфекциялық стационарында Covid-19 індетін жұқтырған 18 науқас емделуде.

Атырау облысының әкімдігі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған