«Ата жұртын аңсаған Т.Айбергенов» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізілді.

Жуырда «Ақ жол» ҚДП Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Ақ жол-жастар» жастар қанатының 1 жылдық апталық аясында өзінің аққан жұлдыздай аз ғана ғұмырында ұлттық әдебиетімізде өшпестей із қалдырған Төлеген Айбергеновтің  кемеңгер тұлғасын еске алып, қазақ әдебиетінің поэзия сияқты жанрына қомақты үлес қосқан қарымды қаламгердің әдеби мұрасын  насихаттау, шығармашылығын таныту, Төлегеннің жан-жақты қырларын ашу мақсатында Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп – лицей – интернатының акт залында «Ата жұртын аңсаған Т.Айбергенов» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізілді.

Ғылыми-теориялық конференцияға Қарақалпақстан, Қытай, Монғолия мемлекеттерінен, Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Павладар, Шымкент, Тараз, Өскемен  қалаларыннан қонақтар, Ш.Есенов университеттің профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен магистранттар, жергілікті ақын-жазушылар, зиялы қауым, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.DSC_0333 (1)

Астана қаласынан  «Төлеген Айбергенов поэзиясының көркемдік-бейнелік құрылымы» тақырыбында, филология ғылымдарының кандидаты. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, Аймұхамбет Жанат Әскербекқызы, «Cағыныш шалғай сапарларыма жасаған шақта иелік…» атты  Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік  технологиялар және инжиниринг  университетінің  Жеткізгенова Алия Түгелбайқызы, Тараз қаласынан «Төлегентанудағы зерттеулік мәселелер» тақырыбында «Бауыржантану» ғылыми – зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Әлімбай Найзабай, Қарақалпақстан Республикасы Қоңырат қаласынан «Сағыныштан жаралған дүние бұл»  атты «Өзбекстан жазушылар одағының мүшесі»  Ембергенов Өмірбай, Қарақалпақстан Республикасы Коңырат ауданы, Хорезм ауыл ақсақалдар ұйымы «Таң нұры» бөлімі,  «Ақынды зерттеп тани білсек…»  тақырыбында  № 4 орта  мектептің мұғалімі  Сәрсенбаев Жеткізген Дүйсенғалиұлы, Ақтөбе қаласынан «Төлеген Айбергенов поэзиясының поэтикасы» тақырыбында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемелекеттік университеті, филология факультетінің 3-курс студенті Латифуллина Гүлфайрус Төлепкерейқызы пленарлық мәжіліс баяндамаларын оқыды.

Пленарлық мәжіліс баяндамалары бойынша жарыссөздерге Ақын, Қалбай Әбдраманов, Шымкент қаласынан «Сарыағаш» қоғамдық- саяси газеті редакторының орынбасары, ҚР жазушылар және журналистер  одағының мүшесі, ақын  Мұрат Бекей,  Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мемлекеттік  мұрағатының меңгерушісі Құрал Байсұлтанұлы,  Атырау қаласынан ақын, Республикалық  31 телеарнасының Атырау облыстық тілшісі Асантемір Қаршығаұлы,  Балалар ақыны, композитор,  Қазақстан Жазушылар                           одағының мүшесі,  композитор  Көмек Ыбрайұлы, ақын Рза Оңғарбай, ақын Рамазанова Ақшагүл және Төлеген Айбергеновті зерттеуші Рақмет Аяпбергенннің жұбайы Дәрментаева Зәуре қатысып, өздерінің естеліктерімен бөлісті. Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға көршілес мемлекеттердің жоғарғы оқу орындарынан, Монғолия, Қытай, Өзбекстан елді мекендерінен және  еліміздің басқа аймақтарынан 71 баяндама келіп түсті.  Сол баяндамалар ішінде жақсы деген жұмыстар іріктеліп, жинақ болып басылып шығады.

Халықаралық ғылыми- теориялық конференция қорытындысы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігіне «Төлегентану» ғылыми-зерттеу орталығын ашу жөнінде  Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданынан

Т. Айбергенов атына бір мектеп және бір көшенің атын беру туралы құзырлы орындарға ұсыныстар жолданып, әдеби –сазды бағдарламамен жалғасты.

Төлеген Айбергеновтің «Мен өлемін өзімнің биігінде» дейтініндей , поэзиясын өзі қалаған шырқау шыңға шығарып кеткен ақын. Төлеген феномені, оның поэзиядағы қайталанбас құбылыс екендігі бүгінде дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомоға айналған. Сондықтан Төлеген Айбергеновтің шығармасын насихаттау, біздің парызымыз деп білеміз.

«Ақ жол» ҚДП  Маңғыстау облыстық

филиалының  баспасөз хатшысы

Исаева Алия Жангелдинқызы