Астанада студент ақындар Елбасы «мақаласын» жырға қосты

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінде өтіп жатқан «Астана көктемі» мерекелік онкүндігінің аясында Республикалық студент ақындар айтысы өтті. Айтысқа еліміздің әр өңірінен келген жас ақындармен қоса Алтын домбыраның екі дүркін жеңімпазы Мұхтар Ниязовпен қоса Мейірбек Сұлтанхан қатысып айтыстың көрігін қыздыра түсті.

 Айтысқа ақын, публицист Жүрсін Ерман, күйші – жырау Алмас Алматов, кәсіпкер, қоғам қайреткері Оралбек Ботпай, айтысқер ақын Дәулеткерей Кәпіұлы және де ақын Қалқаман Сарин қазылық етіп, өз әділ бағаларымен жас ақындарды тәнті етті. Бұл шараның негізгі ұйымдастырылу мақсаты: Ұлтымыздың рухани мұрасы – айтыс өнерін насихаттау, сонымен қатар, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту бағдарламасы аясында жастардың ұлттық санасын, олардың бойындағы Отансүйгіштік сезімді қалыптастыру» бағдарламасын жыр жолдарымен жеткізу болатын.

Жас ақындар айтыстың жілігін шағып, майын ішпесе де, айтыс сүйер қауымды өз өлең жырларымен тәнті етті. Солардың ішінде, Жақсылық Әлихан, Бекжан Ержігіт сынды жас ақындар  ерекше көзге түсті. Нәзік жанды қыздарымыз да жігіттерімізден қалыспай сүбелі сөздері, тұшымды ойларымен қарсыластарымен қаймықпай додаға шықты. Айтыстың қорытындысына келсек:

Бас жүлде: Әлиxан Жақсылық (Қ.Жұбанов ат. АӨМУ студенті, Ақтөбе қаласы) — 100 мың теңге ақшалай сыйлық, диплом және арнайы кубок. (Жүлдені тағайындаған Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Студенттер мен магистранттардың «Сенім» кәсіподағы, төрағасы Әлібек Мәдібеков)

Бірінші орын: Нұрқанат Қайрат (Л.Гумилев ат. ЕҰУ студенті) — 70 мың теңге ақшалай сыйлық, диплом. (Жүлдені тағайындаған кәсіпкер, меценат Оралбек Ботбай)

Екінші орын (екеу): Бекжан Ержігіт (Болашақ университетінің студенті, Қызылорда) — 50 мың теңге, диплом.

Данияр Алдабергенов (Қазақ гуманитарлық заң университетінің магистранты, Астана) — 50 мың теңге, диплом. (Жүлделерді тағайындаған кәсіпкер Оралбек Ботбай)

Үшінші орын (екеу): Аруна Керімбек (Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті, Астана) — 30 мың теңге ақшалай сыйлық, диплом.

Нұрмұxамед Байсүгіров (Тәттімбет атындағы Өнер колледжінің студенті, Қарағанды) — 30 мың теңге ақшалай сыйлық, диплом. (Жүлделерді тағайындаған Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессор-оқытушылар мен қызметкерлердің кәсіподақ ұйымы, төрағасы Талғат Жанайдаров).

Арнайы жүлделер:

Ақселеу Сейдімбек атындағы арнайы жүлде — Мұxтар Ниязов (Л.Гумилев атындағы ЕҰУ магистранты) — 100 мың теңге ақшалай сыйлық, диплом. (Жүлдені тағайындаған «Қазақстан» орталық концерт залының бас директоры Салтанат Ақселеуқызы Сейдімбек).

Рымғали Нұрғали атындағы арнайы жүлде — Мейірбек Сұлтанxан (Л.Гумилев ат. ЕҰУ магистранты) — 35000 теңге ақшалай сыйлық, диплом. (Жүлдені тағайындаған Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің xалықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман).

Мырзатай Серғалиев атындағы арнайы жүлде — Саягүл Бірлесбек (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті) — 20000 теңге ақшалай сыйлық, диплом және ғалымның ғылыми еңбектер жинағы. (Жүлдені тағайындаған Академиктің Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі Ардақ Бейсенбай бастаған шәкірттері)

Кемел Ақышев атындағы жүлде — Мұxамеджан Мансұр (Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті, Астана) — 20000 теңге ақшалай сыйлық, диплом (Жүлдені тағайындаған Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Жас Отан» жастар қанаты, төрағасы Тайыр Тасқалиев).

Алма Қыраубаева атындағы жүлде — Сұлужан Таубалды (Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті, Астана) — 20000 теңге ақшалай сыйлық, диплом (Жүлдені тағайындаған Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Жас Отан» жастар қанаты, төрағасы Тайыр Тасқалиев).

Болатжан Абылқасымов атындағы жүлде — Дәурен Ысқақ (Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті, Астана) — 20000 теңге ақшалай сыйлық, диплом
(Жүлдені тағайындаған кәсіпкер Оралбек Ботбай).

Айман Рамзия