Асқар Мырзахметов Жер комиссиясының жұмысын қолға алмақ

Бүгінгі Үкімет отырысында Кәрім Мәсімов Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовті ҚР премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындады. Жаңа жұмысына жеміс тілеп, құттықтаған К.Мәсімов еліміздің ауыл шаруашылығы саласына жетекшілік ететін А.Мырзахметовті Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған жер реформасы жөніндегі комиссиясының да жұмысын қолға алуды міндеттеді.  

Осы жылдың мамырына дейін Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған А.Мырзахметов 2005-2006 жылдары ауыл шаруашылығы министрі, 2009-2015 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымдарында болып, әр жылдары Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметтерін атқарған болатын.

«ЕлАна»