Ана — ұлттың ұйытқысы, отбасының берекесі.

Халқымызда «Дүниеде үш нәрсе бар: біріншісі — күнің нұры, екіншісі — ақылдың сәулесі, үшіншісі — ананың алақаны» деген аталы сөз бар. Ал ана — сол құдіретті түйіндердің йесі.

Түн ұйқысын төрт бөліп, бесіктегі құлыншағымен әлемді қоса тербеткен асыл жандар әрқашан аман болсын.
Бүгін, яғни Халықаралық әйелдер күні Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев және ауыл әкімі Жандос Жанайдаров
1922 жылы дүниеге келген Өмірбаева Бибайша Өмірбаеваның шаңырағына барып, әжені төл мерекесімен құтықтады.
Кейуананың 10 баласының қатары бүгінде 32 немере, 26 шөбере жетіп отыр.
Кейуана Комунар совхозында егістікте су суғарып, тылда және т/б жұмыстар атқарған.
Аяаулы әже елеп — ескере келген басшыларға аналық алғысын білдіріп, ақ батасын берді.