АМАНАТ ЖӘНЕ СЕНІМДІЛІК

Аманатқа ие болу — бұл үлкен қасиет. Адам сенімді болуы керек. Аманатқа қиянат жасайтындар мен сатқындар ерте ме, кеш пе мұның жазасын көреді. Адамдар Алланың және адамдардың аманаттарына қаншалықты мұқият болса, соғұрлым олардың ізгілігі мен әділеттілігі артады.
Аманат Алланың және адамдардың құқықтарына, басқаша айтқанда, жалпы және өзіндік құқықтарға да тиесілі.
Сенімділік – елдің көркеюі мен адамдардың әл-ауқатының басты кепілі. Сенімділік, қауіпсіздік болмаған мемлекет көріністе қаншалықты әдемі болғанымен, шынтуайтына қираған болады. Дүние, өмір және намыс қауіпсіздігінің болмауы – адамзаттың басты жауы. Сенімсіздік пайда болған кезде, достық пен мейірімділік жоғалады.