Алтын құрсақ аналар марапатталды

Бәйдібек ауданының әкімі Б.Көшербай аудандағы 14 ананы «алтын» және «күміс» алқамен марапаттады. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

                       аналар222   аналар11

Алтын құрсақ аналарды марапаттау кезінде аудан әкімі көп баланы дүниеге әкеліп, еліміздің демографиясына үлес қосқан жандарға алғысын айтып, зор денсаулық пен отбасы бақытын тіледі. Сондай-ақ, Б.Көшербай еліміздегі ана мен баланы қорғауда мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдайларды атап өтіп, балалар болашағы үшін ауданда жасалып жатқан жұмыстар ретіне тоқталды. Ал, марапатталған аналар атынан сөйлеген «Алтын алқа» иегері А.Амангелдиева әйел азаматшаларға көрсетіліп жатқан құрмет пен жасалған қамқорлыққа алғысын білдірді. Бүгінде Бәйдібек ауданында 2598 «алтын» және «күміс» алқа иегері бар. Жыл сайын ауданда он және оданда көп баланы дүниеге әкелген 372 батыр анаға демеушілер тарапынан әлеуметтік көмектер көрсетіліп, аудан тарапынан шипажайларға демалу үшін жолдамамен қамтамасыз етіледі.

«ЕлАна»