Алматыдағы «Сәлем» базарында өрт шықты

Алматыдағы «Сәлем» базары өртеніп жатыр, — деп хабарлайды elana.kz/ Massaget.kz тілшісінің жариялаған сілтемеге сүйеніп…
Алматы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 6 ақпанда 21:09-де өрт сөндірушілер Жетісу ауданы Бөкейханов көшесі 508а мекенжайындағы өртті сөндіруге барған.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минуттан соң келген. Алдын ала ақпарат бойынша сол сәтте «Сәлем» сауда орынның екіқабатты контейнердің 120 шаршы метрі жанған.

Сағат 21:42-де өрт ауыздықталған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.