Алмат Садуақас «Шерхан Мұртаза атындағы Баспасөз үйі (Өңірлік коммуникациялар қызметі)» КММ-нің басшысы болып тағайындалды

Алмат Садуақас «Шерхан Мұртаза атындағы Баспасөз үйі (Өңірлік коммуникациялар қызметі)» КММ-нің басшысы болып тағайындалды
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Қазақ филологиясы» факультетінде оқып, бітірген.
Еңбек жолын 2012-2019 жылдары «Қазақстан» ТРК АҚ Жамбыл облыстық филиалы жүргізуші, редактор болып бастаған. 2012-2019 жылдары Түрік тағамдарының мейрамханалар желісінде СММ маманы, 2019 – 2021 жылдары «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» баспасөз хатшысы, 2019-2021 жылдары «Қазақстан» ТРК АҚ «Ашық алаң» қоғамдық-саяси ток-шоуының жауапты редакторы, 2021 жылы «7 арна», «Оян,Қазақстан!» таңғы ақпараттық-танымдық бағдарламасының жауапты редакторы, 2020 – 2022 жылдары «Baq.kz» мультимедиялық ақпараттық порталы, «Желмая» жобасы: фриланс редактор, «El.kz» ақпараттық-танымдық порталы: фриланс редактор, 2022 жылы «AulieataMedia» ЖШС, SMM («JambylInfo» сайты) бөлімінің жетекшісі қызметтерін атқарған.
2020 жылдан мамыр айынан, қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының «Шерхан Мұртаза атындағы Баспасөз үйі (Өңірлік коммуникациялар қызметі)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары болып қызмет етіп келді.

Өңірлік коммуникациялар қызметі