АЛЛАМЕН ТІЛДЕСКЕНДЕ… Жанұя тыныштығы.

АЛЛАМЕН ТІЛДЕСКЕНДЕ:

✔ Телефон секілді бірлік салудың қажеті жоқ;
✔ Мазалайтын мәселеңді бүге-шүгесіне дейін түсіндірмейсің;
✔ Сөзім естілмеді ме деп қайталап, дауысыңды көтермейсің;
✔ «Уақытыңыз бар ма?» деп сұрамайсың;
✔ Арнайы мекенге іздеп бармайсың;
✔ Кез келген жамандығыңды ұялмай айта аласың;
✔ Жамандығымды біреуге айтып қояды деп қорықпайсың;
✔ Істеріңді талқыға алып, айып тақпайды;
✔ Сөйлесу үшін белгілі бір уақытты күтпейсің;
✔ Оның алдында жылауға ұялмайсың;
✔ Осылардың бəрінен жалығады деп мүлдем қорықпайсың.
Сөйте тұра, Ол сенің барлық дұға-тілегіңе жауап береді. «Ғафир» сүресінің 60-аятында бұл туралы: «Мені шақырыңдар (Менен сұраңдар), жауап беремін (тілектеріңді қабыл етемін)» делінген.
Алла Тағала қолын жайған пендесін бос қайтармайды, өзіңе байланысы…12651

Бірде — бір адам сіздің қиындықтарыңызды Алла Тағала секілді түсіне алмайды. Бірде — бір адам Алла Тағала секілді сізге жанашыр бола алмайды. Барлығы сізді жалғыз қалдырсада , Алла Тағала әрдайым жаныңызда болады

«ЕлАна»