Алла Тағала неге масаны мысал етті ?!

Қасиетті Құран Кәрімнің «Бақара» сүресінде: «Расында, Алла масаны, одан да зорғыны мысал келтіруден ұялмайды. Ал, мүміндер оның Раббыларынан нақ хақиқат екендігін біледі»[1], – деген аят кездеседі. Осы аяттың айналасындағы ақиқатты ғылыми түрде зерделеп көрсек, Аса құдіретті Алла Тағаланың ұлықтығын мойындап, иманыңызды күшейте түсесіз.

Құранда айтылған маса жәндігінің салмағы – 1 граммның 1000/1 бөлігі ғана.  Ғалымдар маса жәндігін электронды микроскоппен 400 000 есе ұлғайтып зерттеу барысында асқан құдіреттілікпен жасалған жүйені анықтаған. Салмағы шаңның тозаңы құрлы болмаған жаңағы жәндіктің 100 көзі, 48 тісі бар дегенді енді миыңызға сыйдырып көріңізші! Ал, кеудесінде үш жүрегінің екеуі қос қанатына арналып, әрқайсысында екі қақпақша және екі асқазан жалғасқан. Орталық жүректің де екі қақпақшасы және екі асқазаны бар.

Сондай-ақ, масаның, тіпті, құстарда да кездеспейтін қасиеті бар. Ол айналасындағы заттарды түсіне немесе түріне қарап көрмейді. Оның жылусезгіш жүйесі бөлмедегілерді дене температурасы бойынша сезеді. Мысалға, қыстыгүні бөлмедегі температура бағаны 5-ті көрсетіп тұрса, маса дене қызуы 35-36 болып тұрған адамнан басқа ештенені көрмейді.

Бұдан бөлек, масаның тағы бір ерекшелігі – қан талдағыш ағзасының бар болуы. Егер бөлмедегі екі жанның бірінің қаны ұнамаса, ол оған қайтып тиіспейді. Ал, қаны ұнаған жанды қайта-қайта мазалайтыны – масаның осы органының арқасында болып отыр.

Сондай-ақ, оның сорған қанын сұйылтатын қасиеті тағы бар. Адам бойындағы қою қан масаның тұмсығынан еш кедергісіз өтуіне оның осы қасиеті көмектеседі. Ал, масаның аса дамыған анестезиялық (ауруды сездіртпеу) жүйесі оның шаққанын мүлдем сездірмейді. Маса шаққанын сәлден кейін барып сезетініміз сондықтан.

gitd

Сонымен, сәл ой жүгіртіп қараңызшы! Салмағы 1 граммның 1/1000 бөлігіндей болатын масаның басында 100 көзі, 48 тісі бар. Кеудесінде әрқайсысында екі қақпақша мен екі асқазан жалғасқан үш жүрек орналасқан. Жылу айырғыш, қан талдағыш және оны сұйылтқыш, ауырсынуды сездірмейтін анестиезиялық ағзалары бар. Тіпті, тұмсығының өзі алты бөліктен құралған: оның төртеуі тіліп түсетін пықшақтар болса, қалғаны екеуі құрала келіп, түтік түзеді.  Мінекей, Алла Тағала мысалға келтірген маса жәндігі осындай!

Аса мейірімді Алла Тағала адамзат баласына әлі күнге дейін өзінің белгілерін білдірумен келеді. Алайда, айналасына атүсті қарап, ақылмен көз жүгіртуді тыйған жүректердің Жаратқан Раббысына деген сенімі сол баяғы – соқырлық. Ғылым мен білім дамып, күн сайын Ұлы Жаратушының кәламы Құран Кәрімдегі ақиқатты танып жатсақ та, асыл дінімізден алшақтау жүретініміз жасырын емес. Ойланайық!

 Айдос Имантай