Аллаға құлшылық қылушылар үш түрге бөлінеді

Әбу Бәкір Сыддық былай деген екен:

«Аллаға құлшылық қылушылар үш түрге бөлінеді.

Біріншілері Алладан қорқып құлшылық етеді.
Екіншілері рахымына үміт етіп ғибадат қылады.
Үшіншілері Аллаға деген махаббатпен ғибадат етеді.

Біріншілерінің үш сипаты бар: өзін-өзі төмен санайды, жақсылығын аз деп есептейді, жамандықтарын көп деп ойлайды.
Екіншілерінің де үш белгісі бар: әрбір жағдайларында адамдарға үлгі болады, дүниеде жомарттық жасауда адамдардың бәрінің алдында болады, халықтың ішіндегі Алла Тағала туралы ең жақсы ойлайтыны болады.
Үшіншінің де үш сипаты бар: Алланың разылығы үшін ештеңеге мән бермей, өзінің ең жақсы көретін нәрсесін садақаға береді, Алланың разылығынан соң өзін-өзі қатты сынайды, барлық істерінде, жақсылыққа бұйыруы мен жамандықтан тыюында өзінің Иесімен бірге болады».

 Дайындаған: Амантай Тойшыбайұлы