Айғаным ардақталып, Шоқан мадақталды

       Қазақ хандығының 550 – жылдығы және Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына орай Ұлы хан Абылайдың тұңғыш ұлы Уәлидің кіші ханымы, қазақтың ұлы ханшасы, кеменгер, қоғам қайраткері Шоқанға білімнің нәрін сепкен әжесі Айғаным Сарғалдаққожа қызының басына тұрғызылған кесене салынғанды. Кесененің ашылу салтанатына Ресейден және еліміздің көрші облыстарынан елге белгілі азаматтар қатысты.

Іс-шара Солтүстік Қазақстан облысы Сырымбет ауылындағы Айғаным қонысы жанындағы қорымда тұрғызылған Айғаным ханшаның кесенесі тұрғызылғанды. Кесененің ашылу салтанатты жиында, аудан әкімі Ағзам Тастемиров сөз алып: — Елдің тілегі және «Қазақстан-Zaman» газетінің бастамасы бойынша, облыс әкімі Ерік Сұлтановтың тапсырмасы бойынша кесенені салуға атсалысқан аудан, ауыл тұрғындары, кәсіпкерлерге алғыс білдірген болатын. Кесенені салуға бастама көтерген Ел анасы , қоғам қайраткері Сәуле Мешітбаева Айғанымның қайраткерлігіне, тарихта атқарған еңбегіне тоқтала келіп, Айғаным ханшаның басына кесене тұрғызу тілекті қабыл алып, кесене тұрғызуды қолдаған облыс әкімі Ерік Хамзаұлы мен, аудан әкімі Ағзам Ахметжанұлына және аудан, ауыл тұрғындарына, құтты болсын, айтып, тілек тіледі. Бұдан соң елге белгілі ғалым, қайраткер тұлғалар сөз алып, Айғаным ханаша, оның немересі Шоқанның тарихи тұлға ретінде халқына сіңірген еңбегіне шолу жасады. Аудан, ауыл имамдары қорымында жатқан барша марқұмдармен Айғаным ханшаның рухына арнап құран бағыштап, ас бергенді.

Айғаным ханшаның өмірі мен қайраткерлігі жайында бірер сөз

Айғаным Сарғалдаққожақызы 1783 жылы Есіл бойында туған. Айғанымның әкесі Сарғалдақ Бұхарда оқыған білімді, әулие адам болыпты. Дерек бойынша Сарғалдақты Абылай хан Шығыс Қазақстаннан ертіп келген. Ол ханның кеңесшісі орданың имамы болған. Сарғалдақтың Зура деген қарындасын Абылай хан алған. Абылай заманынан кейін, Сарғалдақ Ергенекті уақтың болостной старшыны қызметін атқарған. 1773-1775 жылдары, яғни Е.Пугачев көтерілісіне қазақтар қосылып кетеме деп, секемденген Ақпатша қазақтардан адалдыққа ант алған. Осы ант берген қазақтың игі жайсаңдарымен бірге Ергенекті уақтар атынан Серкебаймен бірге Сарғалдақ Өтешев антқа қол қойған. Одан кейінде 1791 жылы шамасында тағыда Ергенекті Уақ болысының старшыны ретінде Саргалдакхожа Утьяшев деп қол қойғаны нақты жазылған. Қол қоюшылар ішінде Есенейдің әкесі Естемес Сейітов, Жылғара Байтоқин, Дәулеткерей сұлтан сияқты көптеген атақтылар болыпты. / Рус-Каз. Отнаш. ХҮ111-Х1Х в/ Сарғалдақ 4 әйел алған. Айғаным өзбек әйелінен туған. Сарғалдаққожа Хазіреті Әлінің Мұхамед-Ханафиясынан тарайды. Әзірет Әлінің — Түркі жұртын бейбіт жолмен ислам дініне кіргізген Ысқақ баб / Баба ата/ 6 ұрпағы, Қожа-Ахмет Яссауймен бірге туысқан Садыр шайхтың тұқымы Камаладин шайхтан өрбіген қожаларды «Бақсайыс» —тар дейді.Осы Бақсайыстың 20 ұрпағы Сарғалдаққожа, Бердіқожалар/ М.Әуезовтың бабасы/ болып келеді. Сарғалдақтың 4 әйелінен 10 бала болған. Екінші өзбек әйелінен 3 бала Айғаным, Бегәлі /Пір-Әлі/, Мырзалы / Мырза-Әлі /туған. Абақ керейге Әбілпейіздің ұлы Көгедай Абақ керейге төре болғанда, Сарғалдақтың Жәмші деген ұлы кеңесші молда болып барған. .. Айғаным барлық қазақ қыздарына тән балиғат жасынан асар аспастаОрта жүздің ханы Уәлиге тағдырдың жазуымен тұрмысқа шықты.

айға        Айғаным Уәлиден 9 құрсақ көтереді. Олрдың ең танымалы Шыңғыс және оның ұлы Шоқан. Шоқан 1935 жылы туған, азан шақырып қойған аты Мұхаммед-Ханафия. Әжесі Айғаным өзінің байырғы ата бабасының атын тұңғыш немересіне қоюы тегін емесі түсінікті. Шоқанның сана сезімі ерте оянып, ақыл ойы тез жетілуі әжесінің тәлім тәрбиесінің нәтижесі. Ғалым Ә. Марғұлан:-«Айғаным Шоқан үшін…Халық даналығының сарқылмас бұлағы болды»-деп атаған. Айғаным білім озық ойының арқасында заманның ағымын жете түсініп, орыстың өркенін аңдап, орыспен достық қатынаста болғанда елі, өркендеп, тиыштық болатынын ерте сезді. Өркенді орысқа, саян далада арқаны кеңге салып, бөлек бөлек көшіп, өзді өзі қырқысып жүрген қазақтың әлі келмейтінін сезіп білді. Осы жайды жете түсініп орыс халқы және солардың зиялы қауымымен жақсы қарым қатынас орнатты. Ол Кенесары хан көтерілісін іштей жақтасада, ашық қолдауға болмайтынын біліп, кей жағдайда бейтарап болды. Бұны аға сұлтан Шыңғыстың әрекетінен көруге болады. Хандық заман қайтып келмесін, орыстың іс әрекетінен анамен бала жете түсінді. Шыңғыс Кенесарының бірігуге шақырған жаушыларын қабылдамады. Бұл істі Шыңғыс әрине анасымен ақылдасты. Сол кезде осындағы бұқара халық Кенесарыға еріп кеткен жағдайда, бүгінгідей ел шетінің тұтастығы бекем болуы неғайбыл еді. Айғанымның ақыл парасаты, алысты көре білуінің арқасында, қазақ елінің солтүстігі бұзылмай қалғаны ақихат….Н.П Семенов-Тяншанский:-«Шоқанның әжесі,Уәлиханның жесірі Айғаным өз балаларымен бірге Россияға айнымас адал досы болып қалды. Александр 1 Айғанымға қырғыз сахарасында үй салдыруға әмір еткен. Ш. Уәлиханов сол үйде туған»-деп жазады.Ханшаның тілегіне сай Александр патшаға 1824 жылы 28 қаңтарда жарлық шығарып, Сырымбеттен Есілге дейінгі алқапты Айғаным ханшаның иелігіне бекітеді. Қоныс салуға бес мың сом бөледі. Айғаным алғашында өзіне жайлы үй, мешіт, соңынан қонақ жай, медресе, монша, тіпті жел дирменде салдырады. Тобыл қаласына барып генарал-губернатордан егін егуді білмейтін қазақтарды , егіншілікке баулу мақсатымен , диханшылыққа қажет тұқым, құрал-сайман, егіншілікті үйрететін маман сұрайды. Халқына егіншілікті үйретеді. Жасында мұсылманша көп оқыған, араб, шағатай, парсы , орыс тіліне жеттік болған. Заманға терең үңілген ханша, оқусыз ілгері басу әурешілік дегенді жақсы түсініп Шыңғысты орысша оқытады. Шыңғыс 1834 жылы оқуын ойдағыдай бітіреді. Орыс тілінде еркін сөйлеп, жазатын болады. Анасының ізгі тәрбиесін, қамқорлығын, білім біліктілігін жете түсініп, үлгі алған Шыңғыс жиырмадан сәл аса, ақыл парасаты толысқан азаматқа айналады. Шыңғыс оқу бітірген кезде Аманқарағай дуаны ашылады. Айғаным елдегі және Ресей патшалығының алдындағы беделінің мықтылығын көрсетіп жиырма беске толмаған Шыңғысты аға сұлтандыққа ұсынады. Айғанымның ел басқарған тәжірибесі, хан болғанын ескерген, Ресей ұлықтары, анасының көмегімен ел тізгінін ұстап кетеріне сеніп, Шыңғысты   1834 жылы күзде аға сұлтандыққа бектіеді. Халық ежелгі салт бойынша ақ кигізге сап хан көтерген. Шыңғыс елінің, анасының үмітін ақтаған тұлға. Ш.Уәлихановтың таңдамалы жинақтарында Айғанымның бейнесі өте анық берілген. Ғалым Әлкей Марғұлан :-«Ш.Уәлихановтың әжесі Айғаным (1783-1853) парасатты, терең ойлы әрі көреген, өзінің заманына қарай білімді болған әйел.Ол шығыстың бірнеше тілдерін білген, орыс мәдениетіне мейлінше ден қойып, Сыртқы істер министірлігінің азиялық департаментімен және Петрбургтегі Сібір комитетімен хат жазып, байланыста болған. Жергілікті халықтың арасында өте беделді болған. Архив мәліметтеріне қарасақ, Айғанымның қоғамдағы орны, саяси көз қарасы, ойлаған ой мүделері өте ауқымды болғанын аңғарамыз»-деген қортынды жасаған. Айғаным үш жүзге атағы жайылған, болашақты болжай білген зиялы, ормандай орысты мойындатқан ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әйелдерінен шыққан қоғам қайраткері, ел басқарған хан, ұрпақ тәрбиелеген парасатты, тәлімі мол ана, әже ретінде тарихта аты қалған дара тұлға. Шоқанды анасы Зейнептің қарсылығына қарамай оқуға береді. Сол Шоқан әлемге танылған ғалым, қазақтың дарада, асыл тұлғасы, мақтанышы болды. Шоқанда әжесін жанындай жақсы көрді. Айғаным Сырымбеттегі қонысында қайтыс болғанда , әжесінің қазасын естіген Шоқан Омбыдан келіп топырақ салған. Ш.Уәлиханов:-« 1853 жылы 19 қарашада, бейсенбі күні, екінті намаз кезінде қырғыз-қайсақ орта жүзінің ханы марқұм Уәлидің жесірі Сарғалдақ қызы Айғаным 70 жасында дүние салды …»- деп өз қолымен жазғаны архивте сақталған. Зираты қонысынан алыс емес. Осы зираттабалалары Шыңғыс, Жақып, Мақыныңда бейіті бар. Келесі кезекте осы қорымда жатқан Шыңғыс төренің басын көтеруде еске алынды. Негізі Айыртау ауданының тамылжыған табиғаты, тарихи орындардың көптігін ескеріп, Айғаным қонысының жанынан қазақтың елге тұлға болған аналарына арнап, аналарды ардақтағанмемориалдық кешен тұрғызсада артық емес… Кесене басына жиналған жұрты бұлигі істің басы, келелі іс жалғаса береді деп, тарқасты.

Дахан Шөкшир