Ақтауда ұлттық киімдер көрмесі өтуде

Ақтауда 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырып, ұлттық киімдер көрмесі өтті. Шара ұйымдастырушысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облыстық хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» мекемесі.1461395871_img_2917Көрменің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева қатысты. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары шара барысында сөз алып, жұртшылықты құттықтады.1461395788_img_2841

-Біздің өлкеде барлық этнос өкілдері бірлік пен келісім ынтымақ пен татулықта өмір сүріп жатыр. Біз оған шын жүректен қуаныштымыз. «Қазақстан – жүз отыздан астам ұлтты бір шаңырақ астында біріктіріп, татулықта өмір сүріп отырған мемлекеттердің бірі. Елімізде тұрып жатқан ұлттардың ана тілін, мәдениетін, дәстүрін сақтауға, ары қарай өркендетуге толықтай мүмкіндік берілген. Барлық этностар Ата Заң негізінде білім алып, еңбек етіп, әр түрлі салаларда табыстарға қол жеткізу үшін жағдай жасалған. Қазақстанның азаматтығын алғандарға заң алдында тең құқық қарастырылды. Қазіргі күні көк байрағымыздың астында 130-дан астам ұлт өкілдерінің тыныштықта өмір сүруі – жалпы халыққа ортақ, тең дәрежелі көзқарастың дұрыстығы» — деп Елбасымыз айтқан болатын. Бұл Елбасымыздың көреген саясатының арқасы деп білемін, деді Б.Нұрғазиева.1461395837_img_2956

Өзге ұлт өкілдерінің басын бір арнаға ұйыстырған шараға Маңғыстау облысындағы 20 этномәдени бірлестік қатысты. Көрмеде түрлі ұлттың 50-ден аса ұлттық нақыштағы киімдері мен тағамдары қойылды. Біздің мақсат-өз ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын паш ету, дейді «Аллаяр жолы» қарақалпақ этномәдени бірлестігінің өкілі Бахадүр Құрбаниязов.1461395789_img_2835

Көрмеге қарақалпақ ұлтының жүгері күртік, балық көжені алып келдік. Бұл тағамдар басқа ұлтта жоқ. Тек бізде ғана бар. Сонымен қатар, енді тұрмысқа шығып жатқан қыздың киімін де қойдық. Тағылымы мол осындай шараларға жиі қатысып тұрамыз, деді Б.Құрбаниязов.

Көрмені тамашалауға келген ададмардың санында шек болмады. Солардың бірі, «Мейірбике» колледжінің 2 курс студенті Әйгерім Өтешева.

-Көрме өте тамаша өтіп жатыр. Басқа ұлттардың құнды заттарымен танысып жатырмыз. Осындай көрмелер жиі-жиі өтіп тұрса жақсы болар еді. Көрмені тамашалауға жалғыз келген жоқпын. Достарыммен келдім. Ақтау тұрғындары мен  қала қонақтарын көрмені тамашалауға шақырамын.

Маңғыстаудағы ұлттардың бірлігі мен достығын паш ететін шара 29 сәуірге дейін жалғасады.

Айман Оңғарбайқызы

 Маңғыстау облысынан