Ақмола облысында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 52 жоба жүзеге асырылмақ.

Ақмола облысында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 24 млрд. теңге сомада 52 жобаны жүзеге асыру жоспарлап отыр.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің Ақмола облыстық филиалында өткен баспасөз мәслихатында аталған облыстың әкімі Сергей Кулагин мәлім етті.

«Бірінші кезеңде жеті жобаны іске асыруды көздеп отырмыз. Бұл тұрғыда жеті балабақшаның құрылысы ескерілген, яғни бұл нысандар бойынша құжаттардың толық пакеті жасалып, инженерлік коммуникациялар тартылды. Ал қалған жобалар инженерлік желілердің даярлығына қарай жүзеге асырылады»,-деді С. Кулагин.

Әкімнің айтуынша, Еуропалық қайта құру және даму банкімен ынтымақтастық аясында 18 млрд. теңгеге  тұрғын үй-коммуналдық саладағы үш жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Дахан Шөкшір