Ақ жол, замандас…!

Жетпіс жастың табалдырығын аттағалы тұрған, аттары аңызға айналған Тұмар ханым,Бопай ханым, Қарқабат,Ақбикеш-Мақпал, Ақбике, Балқы, Байдалы, Қызданбике сияқты дана аналарымыздың ізбасары іспеттес  , халықтың қалың ортасында алыс-шалғай жерлерде, елмен етене араласып, шиеленіскен мәселелерді тиісті жерлеріне жеткізіп, оң шешім табуына септігін тигізіп  батырлыққа бергісіз қайсарлықпен қызмет атқарып жүрген ” Қазақстан заман” газеті Бас директорының бірінші орынбасары Сәуле Мешітбайқызы тағы да “Айды аспанға шығарып” ЕлАна сайтын ақпарат әлеміне тарту етті! Оқырманның асыға күтетін сайтына айналарына аз ғана уақыттағы жасаған тірліктеріңіз , атқарған жұмыстарыңыз кепілдік болады. Газет пен сайттың тізгінін тең ұстаған жастарға өмірі өнеге, тірлігі үлгі Сәуле замандасыма Алла жар болсын! Ақ жол!

Ақбала Таңыбай-Бапақ  ардагер ұстаз