«Ақ Жол» партиясының үгіт-насихаты қандай?

Қазір еліміздегі барлық партиялар сайлауға қызу дайындық үстінде. Алдағы уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінің төрінен 17 миллион халықтың тағдырын қандай партиялық фракциялар шешетінін 20 наурыздан кейін білетін боламыз. Оған дейін барлық партияның үгіт-насихаты үздіксіз жұмыс іздеп, өздерінің сайлау алды бағдарламаларын таныстырып жатыр. Дұрыс-ақ.

 

SONY DSC

Әділет органдарында 2002 жылы 3 сәуірде тіркелген, Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының деректері бойынша 175 861 мүшесі бар, Қазақстандағы саяси партия, өзін «сындарлы оппозиция» және ХХ ғасырдың басындағы «Алаш» қозғалысының ізбасарымыз деп есептейтін «Ақ Жол» ҚДП –ның сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары қандай? Мәселенің мән-жайын партияның баспасөз хатшысы мамандары даярлаған мәлімет бойынша білдік. «Ақ Жол» партиясының аймақтағы өңірлері сенбілік ұйымдастырып, орталықтардағы ағаштарды әктеп, көшелерді тазаласа, Астана мен Алматыда «Ақ жол» партиясының белсенділерінің ұйымдастыруымен үгіт-насихат шаралары аясында салауатты өмір сүру салтын насихаттап, велошеру өткізсе, «Ақ Жолдың» туы Шымбұлақ шыңында да желбіреген екен. «Ақ Жол» партиясы негізінен бизнестік-кәсіпкерлік бағытты қолдайтын партия болғандықтан, алдағы Мәжілістің орынтағына дәмелі Е.Никитинская сияқты кәсіпкер үміткерлер ел аймақтарында сайлаушылармен кездесу ұйымдастырып, кәсіпкерлік саланы дамыту мәселесі бойынша сайлау алды бағдарламаларымен таныстырып жатыр.

Елдос Қуатұлы