«Ақ жолда» өңдеу өнеркәсібінің түйткілді мәселелері талқыланды

«Ақ жолда» өңдеу өнеркәсібінің түйткілді мәселелері талқыланды. Дөңгелек үстелге «Ақ жол» фракциясының депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, республикалық салалық бизнес қауымдастықтарының өкілдері қатысты.

«Ресми статистика өңдеу өнеркәсібінің өсімін көрсеткенмен, өкінішке орай, іс жүзінде жағдай басқаша, мәселе көп. Біздің өндірушілер конституциялық реформаға және оған байланысты қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынастың жаңа форматына үлкен үміт артады», – деді Азат Перуашев өзінің кіріспе сөзінде.

Машина жасаушылар одағының төрағасы Павел Беклемишев «Ақ жол» партиясына қазақстандық өндірушілердің проблемаларына көңіл бөлгені үшін алғыс айтып, салаға қажетті негізгі шараларды атап өтті: шикізат және материалдармен қамтамасыз ету, қолжетімді қаржыландыру, ОТӨ-ны ілгерілету арқылы ішкі құндылықты (жергілікті қамту) арттыру, перспективалық бағыттарды дамыту. Көлікжасаушылар бағдарламалық құжаттар, соның ішінде индустриялық саясат туралы заң толық жүзеге асырылмай жатыр деп есептейді. Мәселен, металлпрокатқа, түсті металдарға әлі де қолжетімділік жоқ – рәсімдеудің шарттары өте қиын; біздің Арселордың өнімдері Ресейден алынады; жаңа жобаларды қаржыландыру туралы сұрақтар көп; мемлекеттік органдар өз шикізатымыздан жасалған материалдарды импорттау мәселелерін пысықтаған жоқ.

Зәуреш Баталова мен Парламентаризмді дамыту қорының өкілдері жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заң жобасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы мен оны жүзеге асыру барысында анықталған тәуекелдер туралы айтты.

Өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының атқарушы директоры Әсел Дангилова жаңа жобалардың жүзеге асырылу барысына мониторинг жүргізілмейтініне назар аударды. «Бастау Бизнес» бағдарламасы бар, сол арқылы оқыту, грант бөлу жүргізіледі, бірақ жобалардың ары қарайғы тағдырын ешкім қадағаламайды, бірыңғай үйлестіруші жоқ. Сонымен қатар, кәсіпкерлер БЖК-2020 сұранысын атап өтіп, оны жаңартуды сұрады.

«Валюта бағамының құбылмалылығы жағдайында қолжетімді қаржыландыру кәсіпорындардың өмір сүруінің басты шартына айналды. Осы құралды сақтап қалуды, БЖК арқылы қаржыландыру көлемін арттыруды сұраймыз», – деді ол.

Дангилова техникалық реттеудің ОТӨ-ны қолдаудағы маңызды рөлін атап өтті. Оның айтуынша, әкімдіктер қолданыстағы ОТӨ және тауарлар тізілімін пайдаланбайды, олар ресейлік өндірушілерді тартады. Сонымен қатар, ұлттық стандарттарға қатысты өте жағдай мәз емес, ол мемлекеттік сатып алуда қазақстандық кәсіпорындарды қолдау құралына айнала алар еді (қолда бар 30% стандарттың 2% ғана пайдаланылады) – тіпті адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жабдық сатып алу мысалдары бар.

Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібінің мәселелеріне қауымдастық президенті Қанат Ибраев тоқталды. Ол қолданыстағы заңнаманың тұжырымдамалық аппаратын қайта қарау қажет деп санайды. Мысалы, «өнеркәсіптік кәсіпорын» түсінігінің анықтамасында тізбектілік принципі жоқ және кез келген өзін-өзі жұмыспен қамтыған қолөнершілерді мұндайға жатқызуға болады. Жиһаз жасаушылар кеңсе жиһаздарын сатып алуға тыйым салуға алаңдаулы – мысалы, пандемия кезінде барлық басқа елдер өз кәсіпкерлерін кез келген жолмен қолдаған кезде, біздің мемлекеттік органдар тағы бір тосқауыл қойып, қымбат жиһазға тыйым салу туралы бұйрықты орындаудың орнына, кез келген кеңсе жиһазын сатып алуға тыйым салу енгізілді. Бұл 4,5 мың жұмысшының жұмыссыз қалуына әкелді.

«Жиһаз – жоғары өңдеушілік өнімі. Саланы өлтіріп, басына оқ атудың қажеті жоқ», – деп өтінді сала өкілдері.

Химия өнеркәсібі одағының төрағасы Олег Пак саланы дамытуға арналған стратегиялық құжаттардың жоқтығын атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі қолдау шаралары қолжетімсіз, тіпті былтырғы өтініштер әлі қаралмаған, шикізат жоқ, ішкі нарықты қанықтыру үшін негізгі мұнай-химия және газ-химия өнеркәсібін құру мәселесі шешілмеген.

Дөңгелек үстелге қатысушылар көтерген мәселелерге Индустрия вице-министрі Марат Қарабаев түсініктеме берді. Ол МИИД-тің өңдеу өнеркәсібі бойынша жоспарларымен бөлісті – саланы дамытуға 7 пайызбен 285 миллиард теңге және 3 пайызбен 50 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр, қосымша 300 миллиард теңге қарастырылған. Шикізатқа келетін болсақ, оның айтуынша, жер қойнауын пайдаланушылар міндеттемелерді орындамағаны үшін жауап бермейді.

«30 жылдан кейін біз шикізаттық қосымшадан индустриалды елге айналуымыз керек еді, бірақ бізде деиндустриясыздандыру жүріп жатыр. Конституциялық реформа нәтижесінде бізде инвесторлармен тиісті келіссөздер жүргізуге барлық құқықтық негіздер бар», – деп атап өткен Азат Перуашев, енді Конституцияға сәйкес жер мен жер қойнауы халық меншігінде екенін және жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің баға саясатын қоғаммен ашық түрде мақұлдап алуға міндеттілігін еске салды.

Шара барысында Халықаралық мұнай-газ машина жасауды дамыту орталығының бас директоры Марат Кәрімов, Энергетиканың бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков, Ұлттық экономика министрлігінің департамент директоры Ерлан Сағнаев, басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері сөз сөйлеп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Қорытындылай келе, Азат Перуашев мемлекеттік органдарды шетелдік жер қойнауын пайдаланушылар алдында отандық тауар өндірушілердің мүдделерін неғұрлым батыл қорғауға шақырды және «Ақ жол» партиясы мен оның парламенттік фракциясы қазақстандық кәсіпорындардың мүдделерін қорғау бойынша жұмысты жалғастырады деп сендірді.

Талқылау нәтижелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсынымдар, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға ұсыныстар дайындалады.

2022 жылғы 27 тамыз, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі