2192 ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІНЕ ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

1941-1945 жылдары аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) 2192 тыл еңбеккерлеріне 50 мың теңге үлестірілді.

241 қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және қайта тұрмысқа шықпаған жандарға 50,0 мың теңгеден берілді.

ҰОС ардагері мен мүгедектері жеңілдіктермен кепілдіктері теңестірілген 2002 азаматқа бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Оларлың ішінде КСР Одағының әскерлерін Ауғаныстан жерінен шығарған күні, Чернобль АЭС-індегі апаттың болған күні, Тәжікстан-Ауғанстан соғысының шекарасын қорғаушылар, Ирак соғысына қатысқан ҚР әскери қызметшілер, Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер бар.

Сондай-ақ Ленинград қаласында блокада кезеңінде жұмыс істеген 3 азаматқа 60 мың теңгеден берілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы