16 мектеп құрамасы – қала прокуроры кубогінің иегері

2023 жылдың 11 мамырында «Тараз – қауіпсіз қала» жобасы аясында жасөспірімдер арасында кіші футболдан Тараз қаласы прокурорының кубогі басталған болатын. Ойындар Тараз қаласы аумағында орналасқан кіші футбол алаңшаларында өтті.
Қала жасөспірімдеріне салауатты өмір салтын насихаттай отырып, спортпен жүйелі түрде айналысуды мақсат тұтқан жарыс биыл тұңғыш рет өткізілді. Додаға 200-ден астам адам қамтылған 21 команда қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша 3-орынды №49 мектеп-гимназиясы, 2-орынды №8 мектеп-гимназиясы және Прокурор кубогін №16 орта мектеп құрамасы иеленді.

Тараз қаласының әкімдігі