108685 га масақты дәнді дақыл жиналды

Т.Рысқұлов ауданында жазғы дәндi дақылдарды жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Биыл аудан диқандары астық өсiруде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр.

Қазіргі уақытта Қазақстанда астық өндіруді тұрақтандыру ауыл шаруашылығы ғылымдары мен өндірістің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Биыл ауданда жалпы 136 671 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдар себілген. Оның ішінде бидай – 57015 гектар болса, 51670 га арпа болып табылады.

Аудан бойынша 108685 га алқап орылды. Әр гектардан алынған орташа өнім 18,3 ц/га айналды.

Жалпы ораққа 613 АШТӨ, 207 комбайн жұмыс жасады. Ал әр комбайн бір күнде 12,6 га алқаптан орып отырған.

Сонымен қатар, Т.Рысқұлов ауданы бойынша 2022 жылы сүр (пар) көтеру және өңдеу жұмыстарының барысы 15522 га жоспарланып, қазіргі таңда аудандағы АШТӨ-і күздік бидай тұқымдарын аудандық тұқым зертханасына тексеруге өткізіп, тұқымның сапасын, өскіндігін тексертуде. Тұқым түсетін егістік алқаптарды өңдеу жұмыстары аяқталуда.

Мөлдір Тастанбек Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы