⚜️Ұлттық спорт ұлықталған күн

▪️Бүгін аудандық спорт кешенінде «AMANAT» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, 7 бірдей ұлттық спорт түрінен спартакиада өтті.

▪️Партияның бастауыш ұйымдары арасындағы спорттық іс-шараның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі, филиал төрағасы Марат Сұлтанғалиев қатысушыларды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Сонымен қатар партия ардагері Бегеев Сағынбек Арыстанұлы өз құттықтау, тілегін жеткізді.

▪️Тартысқа толы өткен ұжымдық спартакиада барысында партия мүшелері асық атып, қол күрестіріп, кір тасын көтеріп, қашықтыққа жүгіріп, арқан тартыс, шекем тас ойындарын ойнады.

▪️Жарыс нәтижесі бойынша жалпы саны 15 команда қатысқан спартакиадада «Наурыз», «Halyk bank» және «Байқадам» бастауыш ұйымдары жеңіс тұғырынан көрінді.

▪️Сондай-ақ, жарыс ережесі бойынша бір адам 3 спорт түріне қатысуға мүмкіндік алған бәсекеде жекелеген үздіктер де арнайы номинациялармен марапатталды.
Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын ағайын!

Мұратбек Есмұрзаев