ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ-РИМА

Адамзат кез-келген жұмыстың, әр мамандықтың абыройлы екендігін және де адамның өз жұмысына қаншалықты жауапкершілікпен қарап, қаншалықты ынта-жігермен жұмыс істейтініне байланысты болатынын әрқашан мойындап отырған.

Барлық кәсіп өздігінше ерекше және маңызды. Әр кәсіптің өзінің жұмыс айрықшылығы, өзінің қайталанбас тарихы, өз құндылығы және өз батырлары бар. Әрине, дерлік әр кәсіптің өзінің ерекше аталып өтетін мерекелі күні- өзінің кәсіби мерекесі де бар!

15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі.

Елдің әлеуетін арттырып, экономикасын дамыту жолында әрбір маманның еңбегі ескеріледі. Кез-келген жұмыс, әр мамандықтың абыройлы болуы адамзаттың өз жұмысына қаншалықты жауапкершілікпен, ынта-жігерімен қарауына тікелей байланысты. Қазақ халқының мамандықтың бәрі жақсы, ең бастысы – оны игере біл, игілікке пайдалануға жол аш деуі де сондықтан.

Қазір барлық тірлік қаржы саласымен тікелей байланысты. Жалақы алу, ақша салу, несие рәсімдеу, депозит ашу, айта берсең көптеген қызмет түрін көрсететін саланың жұмысына жүгінбейтіндер жоқтың қасы.

Байзақ ауданының кез-келген осы бағыттағы өтініш-тілегін қанағаттандырып, шаруасын шаршатпай шешіп беретін Рима есімді менеджер бар.

қаржыгерлерді қабылдау сәті
Ұлттық валюта күні қарсаңында елден алғыс, көптен бата алып жүрген жанның бірі «Қазақстан Халық Банкі бөлімшесінің менеджері — РИМА ТАЛҒАТҚЫЗЫ ЖҰМАҒҰЛОВА туралы қалам тербеуді жөн көрдік.

Тәуелсіздіктің құрдасы Рима мектеп қабырғасында озат оқып, жастайынан жауапкершілікті болып өсті. Отбасында Талғаттай ашық, еңбекқор, он саусағынан шеберлігі тамған, темірден түйін түйіп, дәнекерлеумен қатар машинист бұрғылаушы болып талай жылдар еңбек атқарған азамат пен ұзақ жылдар ұстаздық етіп, бала тәрбиелеу жолында орасан қызмет атқарып келе жатқан Айнұрдай ананың тұла бойы тұңғыштары.

Қарапайымдылық пен жауапкершілікті отбасынан алған талдырмаш ару жоғарғы білімді 2007-2010 жылдары «Парасат» атындагы колледждi аяқтап, экономист, бухгалтер мамандығын алған. Содан соң 2010-2012 жылдары Жамбыл Гуманитарлык Техникалық университетін бітіріп, қаржы саласын тәмамдаған.

Алғашқы еңбек жолын 2010-2013 ж. Жамбыл облысы Т Рысқұлов ауданында есепші болып бастап, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасында содан соң «Қазақстан Халық Банкі» АҚ менеджер болып, бүгінде 12 жыл жауапкершілікпен еңбек етуде.

«Жақсы жұмыс — жанға тыныс» демекші, Рима өз қызметін мінсіз атқарып, жетістіктерге жетуде бар күш-жігерін салды.

Осы еңбегі бағаланып, бүгінгі төл мерекесінде Байзақ ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Тек жұмыста ғана емес отбасында Бақтиярдай азаматқа аяулы жар, үш қыздың асыл анасы, инабатты келін бола білген Римаға сәттілік тілеп, төл мерекедегі марапатымен құттықтаймыз.

Бүгінде мемлекет алдындағы экономикалық міндеттерді жүзеге асыруда қаржы секторының алар орны ерекше. Сондықтан болар,еліміздің экономикалық қуатын еселеп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын арттыру қаржы саласындағы жемісті еңбекпен тікелей байланысты.

Құрметті қаржы саласының қызметкерлері, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еңбектеріңіз жемісті болып, қаржылық қызметте жаңа белестерге жете беріңіздер!

Сұлтанбейбарыс Мұратұлы