Өліден тірі туды…

Польшаның Вроцлав қаласында бұрын-соңды болмаған оқиға орын алды. Осы елдің бұқаралық ақпарат құралдарының ресми мәліметіне сүйенсек, дәрігерлер 55 күн бойы қызыл шақалаққа керекті ағзаның негізгі функцияларын сақтап, сәбиге өмір сыйлаған. Белгілі болғандай, қырық бір жастағы әйелдің миында қатерлі ісік болыпты. Жүктіліктің он жетінші аптасында болашақ ананың жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға жатқызылған. Әйтсе де, оның ми қызметі тоқтап, органдары жұмыс істей береді. Соның арқасында дәрігер мамандар соңғы медициналық құрал-жабдықтарды пайдаланып, құрсақтағы баланы құтқаруға мүмкіндік алды. Негізінен, мұндай манипуляциялар бір-екі күнге ғана жасалады екен. Алайда, үлкен тәуекелге барған польшалық анестезиологтар таңғажайып нәтижеге қол жеткізді. Қазір дүние есігін өте қиын әрі ғажап жағдайда ашқан ұл бала әкесінің қолында өсіп жатыр.

«ЕлАна»

Сурет авторы © Paweł Relikowski