Әзірбайжан президенті қазақтың ұлттық тағамдарымен танысты

Бүгін, 24 тамызда Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуы аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуге сапармен келді.

Сапар аясында Қазақстан мен Әзірбайжан басшылары Каспий теңізінің жағалауын аралап көріп, мұнда орнатылған қазақтың киіз үйіне кірді. Мемлекет басшылары қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, ал ғалым-этнограф, «Sandyq» мейрамханасының асханасының авторы Әйгерім Мұсағажинова оларды ұлттық тағамдармен таныстырды.

«Елімді осындай жоғары деңгейде көрсету мен үшін үлкен мәртебе. Ұлттық нақыштағы Sandyq пен Tary жобалары аясында біз жаңғыртып жатқан ата-бабаларымыздың мұрасына деген мақтаныш сезімім шексіз. Бүгін Әлиев мырза қазақ тағамдарының дәмін татып, мәдениеттеріміздің ортақтығын тағы бір мәрте атап өтті».

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі