Әулиекөл ауданында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының 300-ден астам волонтері жұмыс істеп жатыр

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты жасақтаған волонтерлік топтар Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккен және эвакуацияланған тұрғындарға көмек көрсетіп, белсенді жұмысын жалғастырып жатыр.

«AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев атап өткендей, Әулиекөл ауданына еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам ерікті келді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі