Әулие демей көр!..

Өмір бойы кедейлерге тегін қызмет етіп, «кедейлердің дәрігері» деген ат алған Мохаммед Машалли қайтыс болыпты кеше. Ауруына шипа тауып кеткен адамдардың берген ақшасын ғана алып, артық ақша сұрамаған.

Мәшинесі де, телефоны да болмапты. 80 — ге келсе де сонау жердегі үйінен емханаға дейін жаяу барып, жаяу қайтып жүреді. Бір бай соны көріп қалып Мохаммедке 20 мың доллар беріп, машина да алып берген екен. Бір күні қайтып айналып келсе, дәрігер көліксіз жүр дейді.

Сөйтсе, кедей пациенттеріне көмектесу үшін мәшинесін сатып жіберіпті ғой. Әкесі мұны доктор қылып шығару үшін өмір бойы еңбек етіп, бар тапқан-таянғанын ұлының оқуына салады.

Содан бұл «қандай діндегі адам болса да, кедей-кепшіктен көк тиын алмаймын» деп Құдайға уәде берген екен. Құдайға қараған адам деп осыны айт!

Жолымбет Мәкіш.