Әлемдегі ең үздік мемлекеттер кімдер?

The Good Country ғылым, білім, технологиялар, мәдениет, бейбітшілік, қауіпсіздік, қоршаған ортаға қамқорлық, азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатына қосқан үлесі бойынша бағаланған мемлекеттердің тізімін жасады. Әлемнің 163 елі енген тізімді Швеция бастап тұр. Шведтерге қарағанда ғылым мен технологиясы жақсы дамыған Дания екінші орында. Өйткені, дат халқы денсаулықтарына шведтер секілді қарамайды және бұл елдің климаты да қатаң көрінеді. Үздік үштікті «қызғалдақтар елі» саналатын Нидерланды қорытындыласа, мықтылардың ондығына Ұлыбритания, Германия, Финляндия, Канада, Франция, Австрия мен Жаңа Зеландия кіреді.

Ал, біздің елімізге 110-орын бұйырыпты. Қырғыздардың өзі 105-орында тұрса, Ресей 72-орынға жайғасқан. Түркия 55-орыннан көрінсе, Әзірбайжан Республикасы тізімде 97-ші болып орналасқан. Бір қызығы, Ливия қорытындылап тұрған тізімнің 158-орнында Сирия тұрса, көрші Өзбекстан Республикасы мүлдем жоқ. Егер сіз де мемлекеттердің жағдайынан хабардар болғыңыз келсе http://goodcountry.org/index/overall-rankings сілтемесіне өтіңіз.

«ЕлАна»