Ұрық тазалағының ұрпақ тәрбиесіне қатысы бар

ДАРЫНДЫ, ЗИЯТКЕР  ЖӘНЕ БАТЫЛ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕЙМІЗ ДЕСЕК НЕГЕ СҮЙЕНУІМІЗ ҚАЖЕТ?

Ең алдымын тәрбие деген не деген сұраққа жауап беріп көрейікші. Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.

Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты – адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады.

Тәрбиеге келсек, оның сан алуан түрі көп. «Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа» деп айтқандай әр мемлекеттің өзіндік тәрбие құндылықтары бар. Мысалы, еврей халқының тәрбиесінде: «баланың бойында комплекс тудырмау, ақылмен ерік беру және  баланы өз уақытында жұмсауға үйрету т.с.с. Жапон халқы бала тәрбиесінде ұялту мәдениетін басты негізге алса, қытайлықтар балаға ауыр сөз айтып, намысына тию және ұрып жазалау арқылы жөнге салады. Батыс елдері балаға өзіндік құқығы бар тұлға деп қарайды.  Ал біз ұлттық тәрбие беруіміз қажет. Жеткіншектің бойына ұлттық болмысты, мінезді қалыптастыруды қолға алып, өскелең ұрпақты отансүйгіш азамат етіп тәрбиелеу күн тәртібінің ең басты мәселесі болуы тиіс», – деп саясаттанушы Кенжеболат Жолдыбай өзінің  жазбасында келтіріп кетеді. «Тәрбие тал бесіктен басталады» дегенге кім қаншалықты сенеді? Осы уақытқа дейін ұстанымымыз осындай болып келді.

Біздің ұстанып отырған мақсат зияткер дарынды балаларды ұлттық тәлім-тәрбие беріп, батыстың білімінен сусындату. Осы кезден бастап, елін сүйер азаматтар пайда болады.

         Совет-Хан Ғаббасовтың: «Педагогика мен психология негіздері» атты  еңбегінде «бүгінгі адамзат өркениетінің дамуында Табиғи ғылым мен Рухани ғылымның үндессіздігінен, адам тәрбиесі мен тәлімінде орасан үлкен кемшіліктер көріне бастады», яғни табиғат пен рухани тәрбиенің бір-бірімен жанаспағандығынан  адам азғындығына алып келеді.

Жүсіпбек Аймауытов: «Тәрбие» деген еңбегінде өте жақсы айтады: «Рум халқын атақты, күшті қылған кім? Тәрбие. Ескендірді данышпан хакім қылған кім? Аристотельдің тәрбиесі. Неронды залым қылған кім? Сенеканың қате тәрбиесі. Неміс жұртының ұлтшылдық, бірлікшілігі неден? Тәрбиенің қуаты. Адамды бұзатын да, түзейтін де тәрбие. Жалпы тәрбие – кең  мағыналы ұғым. Адам баласының өсу, өркендеу, жетілу, дәуірінде тәрбиеге кірмейтін жағы жоқ, дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, әдемілік сезім тәрбиесі, адамгершілік – құлық тәрбиесі – бәрі тәрбиеге жатады».

Тәрбие, тәрбие деп айта бергенімен біз түпкі негізіне үңіліп қарамасақ тәрбиенің мәнісін жоғалтып аламыз. Дарынды  балаларды қайдан табамыз деген сұрақ туындайды осы жерде. Жоғарыда айтып кеткен тәрбие тал бесіктен басталмайды. Негізі бала  ана құрсағына түспей жатып ата-анадан бастау алуы тиіс. Ата-аналар өз өмірлеріне жүйелі түрде мән беріп, келер ұрпақтың дені сау, дарынды және батыл болатынына мақсат қоюы тиіс.

         Мәселен, педагог Совет-Хан Ғаббасовтың:  «Отбасы  құруға дайындалу кезеңінде ерекше көңіл аударатын мәселе,  бұл – осы кезге дейін ескерілмей  де, тіпті айтылмай да келген ұрық тазалығын сақтаудың мәні жайындағы түсінік.

Ендеше неге сүйенуімізге қажет дегенде адамның жан дүниесінің байлығы – ұят пен сүйіспеншілік, зейін мен зерде, жігер мен мінез, ішкі бес сезім мен әртүрлі қабілеттері – іштен туатындықтан болашақ ұрпақтың ұрық тазалығы мен анасының өз уақытында жүргізетін түйсік тәрбиесі» – деген тұжырымын есте ұстаған жөн.

Кешегі  ел басқарған хандардан Абылай Хан, Қасым Хан билерден  Қазыбек би, Әйтеке би, Төле билеріміз, Наурызбай, Қабанбай, Бөгенбай батырларымыз бертін келе  Хакім Абай, Ыбырай, Шәкәрім ақындарымыз, алаш арыстарынан Әлихан, Ахмет, Жүсіпбек, Ільяс және т.б. бастаған бабаларымыз ғылымсыз-ақ ұрық тазалығының мәнін түсінген. Себебі Қазақ Елінің өзі тұнып тұрған білім-ғылымға бай  екенін Семенов Тянь-Шанский өз заманында мойындап, еңбегінде жазып кеткен. Киіз үйдің тәрбиесін алып, батырлар жырымен, бесік жырымен сусындап  өскен бала өз елінің мақтанышын  болатынын білген. Қорыта келе келешек ұрпақтарымыз ақылды, зерек болсын десек  ұмыт болған қазақ ұлттық тәрбиесіне үлкен мән беріп сол арқылы тәрбиелеу.

Ермек НҰРЫМОВ,

педагог-психолог