«Ұлы дала мұрасы»

DSC_0034 Мухамедкызы Майра_новый размерАстана қаласында тұңғыш рет 12 мамыр күні Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай   мерекелік концерт өткізбек. «Ұлы дала мұрасы» деп аталатын концерт екі бөлімнен тұрады. Концертке елімізге белгілі өнер жұлдыздары қатысады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек сіңірген артисі Майра Мұхамедқызы мәлімдеді. Ал, журналистердің сұрағына жауап берген оркестрдің директоры Нұрғиса Дәуешов:

DSC_0017 Дауешов Нуркиса_новый размер-Бүгінде біз «Қазмедиа орталығы» БК ЖШС-мен бекітілген Меморандум шеңберінде араға 18 жыл салып, екінші үнтаспамызды шығармақпыз. Бүкіл әлемге ұлы дала елінің музыкалық өнерін, бірегей қазақ музыкалық аспаптарын танытқан оркестр бүгінде Тәуелсіз еліміздің өнерін дамытуға өзіндік үлесін қосып келеді.Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Ұлы дала мұрасы» атты концерт екі бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімінде төл шығармаларымыз орындалса, екінші бөлімінде әлемнің классик композиторларының шығармалары қазақ оркестрімен орындалады. Бүгінде оркестр репертуарында 4000 астам шығармалар бар,-деп атап өтті.

        Қазақ өнерінің қарашаңырағы атанған Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі – Қазақстанның аспаптық музыкалық өнер тарихында бірегей әрі тұңғыш оркестр. Оркестрдің  негізін 1934 жылы Академик Ахмет Жұбанов қалады. Еуропаның 80-ге жуық қалаларында концерттер беріп, Қазақстан музыка мәдениетінің беделін әлем жұртшылығы алдында биік белестен көрсетіп жүрген ұжымға Елбасымыздың өзі «Қазақтың інжу-маржаны» деп баға берген болатын.

Қазақ музыкалық Олимпінің шыңында тұрған әйгілі күйші Құрманғазы атындағы оркестр әрқашан ата-бабаларымыздың тарихи тамырларын ұмытпай, салт-дәстүрімізді  жаңғырта отырып:

-Репертуар қорын  дамытып,

— Оркестрдің имиджін көтеріп,

— Мемлекеттік жеке меншік әріптестікті дамытып,

өскелең жас ұрпағымызды ұлттық өнермен сусындату мақсаттарын бүгінгі жұмыс бағытында негізге алып отыр.

DSC_0023 Жудебаев Арман_новый размер-Қазіргі таңда оркестрдің репертуарын жан-жақты кеңейтіп,  қазақтың дәстүрлі музыкасымен қатар, заманауи және әлем классиктерінің шығармаларын аспаптарымыздың мүмкіншілігіне қарай өңдеп отырмыз. Ескі партитураларымызды жаңартып, электрондық жүйеге келтіру мәселелері басты орында.  12 мамырда өтетін концерт жайлы айтар болсақ, концерт Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналып отыр. Оркестрдің тарихында Астана қаласында концерт беруді алғаш ұсынғалы отырмыз. Концертіміз Қазақстанға белгілі өнер саңлақтарының қатысуымен өтеді. Айта кетсек, Майра Мұхамедқызы, Гүлнұр Оразымбетова, Салтанат Ахметова, Батыржан Мықтыбаев, Ерлан Рысқали, Еділ Құсайынов, Асел Рақымжан, Satzhan Project тобы. Болашақта осындай концерттерді шет мемлекеттерде өткізу біздің жоспарымызда бар»-дейді оркестрдің бас дирижері Арман Жүдебаев.

«ЕлАна»