Ұлттық музейде Мамыр айы несімен есте қалды?

Өзінің тарихын түгендеген мемлекеттің бүгіні де, болашағы да кемел болатыны сөзсіз шындық. Ал, тарихтың ішіне кез-келген ұлттың ана тілі, салт-дәстүрі, мәдениеті мен руханияты кіретінін ескерсек, оны түгендеу айтуға оңай болғанымен, қажырлы еңбекті қажет ететін әрі бірнеше сатыдан тұратын өте күрделі процесс. Бүгінгі таңда саясаты түзу жолға қойылып, барын қастерлеуді қолға алғанәлем елдері қатарында біздің Қазақ елі де бар. Бұл сөзімізді дәлелдеу мақсатындағылым ордасына айналып келе жатқан Ұлттық музейдің өткен мамыр айында атқарған басты іс-шаралары туралы аз-кем айтып өтуге болады.

13348713_1003425406444372_1559246905_nМамыр айы Ұлы Отан соғысы құрбандарын еске алып, оларға құрмет көрсетуден басталды. Дөңгелек үстел басына жиналған бірқатар ардагерлер бейбітшілікті бағалап, өскелең ұрпақты қолда бардың қадіріне жете білуге шақырды. Сондай-ақ, жас өнертапқыш балаларәскери техникалар мен әскери миниатюралардан құралған жұмыстарын көпшілік назарына ұсынып, олардың жасалу жолдарымен бөлісті.
Әлемнің небір атақты музейлері несімен танымал деген сауалға қалай жауап берер едіңіз? Бәлкім құнды жәдігерлерімен деп айтарсыз. Дұрыс. Бірақ бұл толық жауап емес. Мейлі ол Париждегі Лувр болсын, Мадридтегі Прадо болсын, Санкт-Петербордағы Эрмитаж болсын, бұлардың барлығы да ғылым ісін дамудың даңғыл жолына түсіріп, әсіресе ғылыми еңбектерді жарыққа шығару мәселесін күн тәртібіне қойған. Мінеки, Ұлттық музейдің ұстанған саясаты да осы бағытта.

13348708_1003425396444373_863147829_nМәселен, бір айдың ішінде мазмұны бай әрі терең зерттеулерден тұратын құнды 4 еңбектің таныстырылымы өтті. Атап айтсақ, «Словарь терминов» (авторлары О.Мартынюк, Д.Мыңбай, Ж.Таймағамбетов), «Искусство палеолита Евразии» (Ж.Таймағамбетов, Н.Сойкина), саяхатшы-жазушы Исмаилжан Иминовтың «Бабалардың көне тегі қалған Тувада» және ғалым Қалиолла Саматұлының «Қазақтың отты қаруларының тарихы» атты кітаптарының тұсаукесері өтіп, қалың оқырманға жол тартты.

Ұлттық музейге қатысты тағы бір жаңалықтан айналып өте алмаймыз. 12-15 мамыр аралығында Шэньси провинциясының (ҚХР) Сиань қаласында өткен «Аймақ және Жол бойы елдері арасындағы мәдени мұраны сақтау саласындағы тәжірбие алмасу мен ынтымақтасу» форумына және музей ағартушылығы бойынша өткен форум секциясына Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай мырза қатысып, екі жақты мәдени қарым-қатынасты ары қарай да дамыта түсу жайына тоқталды.Форумның басты мақсаты – елдер арасындағы мәдени мұраны сақтау бойынша ынтымақтастықты арттыру. Сондай-ақ,мәдени мұраны басқару деңгейін жетілдіру.

13342052_1003425393111040_1759577115_n18-мамыр – Халықаралық музей күніне орай өткен «Музейдегі түн-2016» акциясына 32 000 адам қатысты.Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда (23 000 адам) әлдеқайда жоғары. Сондықтан да аталмыш жобаны тек мамыр айының ғана емес, бәлкім осы жылдың ең ауқымды іс-шарасы десек, артық айтқандығымыз емес. Акция барысында Ұлттық музей қонақтары үшін көне және қазіргі Қазақстан тарихы мен мәдениетін таныстыратын 8 залға тегін экскурсияларұйымдастырылды. Сондай-ақ,Майра Мұхамедқызы, Досымжан Таңатаров, Димаш Құдайберген, Ерлан Рысқали,Тамара Асар, Индира Расылхан секілді эстрада жұлдыздары концерттік бағдарлама ұсынып, көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады.Мерекелік шара лазерлік шоумен аяқталды.

13382099_1003425413111038_1927564796_n24 мамыр күніҚазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменовтің 80 жылдық мерейтойына арналған «О. Сүлейменов поэзиясындағы тарих және тағылым» атты ғылыми конференция болып өтті.Жиында ақынның жазған мұраларын жаңа тың деректер негізіндезерделеу,Қазақ елі мемлекеттілігінің қалыптасуына және даму кезеңдеріне қосқан үлесін ғылыми тұрғыда негіздеу жөнінде айтылды.

Ұлттық музейде жиі өтіп тұратын келесі шараның бірі – Халықаралық көрмелер. Айталық, 25 мамыр күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасындағы Италия Елшілігінің қолдауымен италиялық суретші Марио Павезидің «Басқа көкжиектер» атты жеке көрмесі ашылды. Автордың әсіресе «Түңілу», «Бұқа», «Тепе-теңдік», «Ынтымақтастық» секілді туындылары өнер сүйер қауымды бірден баурап алады. Көрме маусым айының соңына дейін жұмыс істейді.

13384671_1003425389777707_923039103_n27 мамыр күні Ұлттық музейде «National Geographic-тің» үздік 50 суреті» атты фотокөрмесінің салтанатты ашылуы өтті.Көрме «National Geographic Қазақстан» журналының тұсаукесер рәсімі аясында ұйымдастырылып, оған Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев, Парламент депутаттары Қуаныш Сұлтанов пен Мәулен Әшімбаев,«National Geographic-тің» Халықаралық директоры Даррен Смит, журналдың маркетинг директоры Ариэль Делор мен Қазақстан бойынша директоры Еркін Жақыповтар қатысып,басылым туралы ойларын ортаға салды.

Көрмеге 128 жылдық тарихы бар беделді басылымның ең үздік фотосуреттері ұсынылды. Айталық, Стив Маккарридың дүниені шарлағанәйгілі «Ауған қызы» жұмысынан бастап, Джейн Гудоллдың өзіндік қолтаңбасы бар кадрлары, Томас Аберкромбидің Меккедегі әл-Харам мешітінің суреттері кез-келген адамды терең ойға батырып, толғантпай қоймайды.

Біздің ұжым тарапынан атқарылған жұмыстардың барлығы да ел игілігіне қызмет етеді деп сенеміз. Сондықтан да Ұлттық музей ары қарай да жаңа бастамаларды іске асырып, білім мен ғылым саласын жетілдіруді жалғастыра береді. Музейге келіңіздер, тарихымызды бірге таниық, ағайын!

Азамат Битан,
ҚР Ұлттық музейі,
Қоғаммен байланыс бөлімінің PR маманы