ҮЙЛЕНГЕН ЖІГІТТІҢ ӘЙЕЛІНЕ ЖАЗҒАН ХАТЫ

❣️ Егер сенің арқасүйерің болғанымды қаласаң, мықты жігіттің жары болғың келсе, онда басынан-ақ менің алдыма шығып кетпей, мені сыйлап, өзгелердің алдында құрметтеп, керек кезде тыңдап өмір сүр. Себебі, отбасы да шағын мемлекет секілді ғой, онда міндетті түрде біреуі басқарушы болады.
❣️Егер мен басқаны сүйгенімде сені жарым деп қалап алмас едім. Мен сені таңдадым. Көп қыздың ішінен саған үйлендім. Ендеше, шайтанның айтағына ерме. Маған сен, арқа сүйе.
❣️Маған адал бол.
Әйел адам – ер адамның намысы екенін ұмытпа. Арың таза болса, Құдай сені кез келген қиындықтан алып шығуға құдіретті екенін естен шығармағайсың.
❣️ Мені ұятқа қалдырма.
Өмірімді сенімен бірге өткіземін деп таңдаған қосағымсың. Ендеше, мен ұялатындай іс жасап, өзгелердің алдында абыройымды төкпе. Екеуіміз кездескенімізге, танысқанымызға, үйленгенімізге, осы күнімізге еш өкінбейтіндей күн кешейікші!
❣️ Үйге жайлылық орнатуға тырыс.
Кез келген үйдің жылуы мен гүлі – әйел адам. Бұл — сенің өз үйің. Ендеше, өз үйіңді өгейсінбе. Екеуіміз бірігіп көтерген шаңырақты дәл солай бірге ұстап тұруға, керегесін кеңейтіп, ішін нұрға толтыруға барымызды салайық.
❣️ Мені алдама.
Арамыздағы сенімді жоғалтып алмауға тырысайық. Ер адам әйелінің еркелігін, кейбір ауыр мінездерін көтеруі мүмкін, алайда, өтірікті кешіре алмайды. Осыны ұмытпа.
❣️ Өз үйіңді тастап кетпе.
Бағана айтқанымдай, сенің өз үйің – осы. Ендеше, өз ұяңды өскен ұяңа айырбастама. Қандай қиындық болмасын, біз оны Алланың қалауымен бірге жеңіп шығамыз!✊ Сен осыған сен. Осы айтқандарымды орындап, адал жар бола алсаң, мен де арқасүйер азаматың ретінде қолымнан келгенше сені бақытты етуге барымды саламын.
Сәлеммен, СЕНІҢ КҮЙЕУІҢ❤
Комментарии