Қызылшаның қырық түрлі шипасы бар

Негізінде қант қызылшасын қанды көбейту, қақырықты босату, сіңірлерді бекемдеу, денені қуаттандыру үшін пайдаланады. Сондай-ақ оны төменде көрсетілген 7 ауруға қарсы пайдалануға да болады екен.
1. Көк бауыр ауырғанда. Қант қызылшасын сірке суы және қышамен араластырып сырқаттанған адамға ішкізсе, көк бауырдағы бөгеттердің ашылуына көмектесіп, аурудан айықтырады.
2. Бір жақ шеке ауырғанда. Бас немесе қол-аяқтың қалтырауында қант қызылшасын суық балмен араластырып, мұрынға таңса, ауру белгілері жеңілдейді.
3. Құлақ ауырғанда. Қант қызылшасы жапырағының суын сығып алып, балмен қосып қайнатып, жылы күйінде құлаққа тамызады.
4. Бит пен қайызғақты кетіруге пайдалы. Қант қызылшасы жапырағының сөлімен шашты жуатын болсаңыз мазаңызды кетірген бит пен сірке, көзге сүйкімсіз көрінетін қайызғақтан құтыла аласыз.
5. Іш кернегенде. Үлкен адамдардың іші кеуіп, кірнелеп ауырған кезде қант қызылшасына қыша, аздап су араласқан сірке суымен қосып қайнатып ішуге болады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Бұл тәсіл іштегі желді айдап, бүріп ауырғанды басады. Ол үшін 1 литр суға 1-2 тамшы сірке суын қосасыз. Бұл тәсілді 12-жасқа толмаған балаларға пайдаланбаған дұрыс.
6. Ағзаны тазартады. Адам ағзасында түрлі шлактар — қалдықтар тұнып қалатыны белгілі. Қант қызылшасы ішектердегі сол қалдықтарды тазалайды, артық тұздарды қуады.
7. Ер адамдарға аса пайдалы. Қызылша тұнбасы әсіресе ер азаматтар үшін ағзаны тазартуда зор көмек бере алады. Сәбіз бен қияр шырыны қосылып әзірленетін бұл тұнба ер азаматтардың жыныс безін зиянды элементтерден артылтуға көп көмек. Ол үшін күніне бір мезгіл таңертеңгі астың алдында, не тамақтан кейін жарты стакан шырын ішу керек.
Жарас ҚАСЫМ.
«Ауырмаңыз!» газеті.