Қырық жылдан кейін қайта сахналанған қойылым

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 90-маусымдағы соңғы премьерасы Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясының тұсауын кесті деп хабарлайды театрдың Баспасөз қызметі. Ұлттық драматургиямыздың жауһары саналатын ақиық ақын Ақан серінің трагедиялы махаббаты АҚАН СЕРІ АҚТОҚТЫсуреттелетін қойылымда ақын мен биліктің, жаңа мен кертартпалықтықтың тартысын көруге болады. Араға 40 жылдай уақыт салып сахналанған спектакль бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жаңашыл, заманауи, еуропалық стильде. Басты рөлдерді  Ақан бейнесін «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты Алмас Шаяхметов пен Ақтоқты образын Ләззат Қалдыбекова сомдағанын айта кетейік. Ал бүгін еліміздің бас театрының 90-маусымы осы премьерамен жабылады. Естеріңізге сала кетейік, басты рөлдерді Қазақстанның «Серпер» Жастар одағы сыйлығының лауреаты Еркебұлан Дайыров пен актриса Жанель Мақажан ойнайды.

 Сурет ©Ардақ ТӨЛЕУБАЙ