Қырғыздар мен өзбектердің жағдайы қалай?

Орта Азиядағы ең қауіпсіз ел

«Institute for Economics and Peace» әлемдік сараптама ұйымы осы мәселеге байланысты зерттеу жасапты. Зерттеу қорытындысы  бойынша, Орта Азияның өзге мемлекеттері арасында, жалпы түркі елдері ішінде Қырғызстан ең тынышы әрі қауіпсізі көрінеді. Бұл ел әлемдегі ең тыныш елдер рейтингісінің 124ші тізімінде. Рейтинг жасаушылар, яғни осы ұйым жетекшілері мен эксперттері бұндай тұжырымдама жасамас бұрын әр елдегі зорлықзомбылық пен қылмыс деңгейін, қауіпсіздік пен қару-жараққа жұмсалған шығындарды, көрші мемлекеттермен қарым-қатынастарды, қарулы қақтығыстар санын, сол елден басқа мемлекетке бас сауғалай қашқан қашқындар мен ел аумағындағы босқындар санын, үкімет тарапынан адам құқықтарының қадағалануын, ұзын-ырғасы 23 проблеманы  негізгі нысанаға алған екен.  

723908333

Қырғыздар демалысты жұмаға ауыстыруды сұрайды

Эксперттік зерттеулер Қырғызстан ішкі-сыртқы саяси қатынастарда да тыныш, халқы мамыражай тұрмыс кешіп жатыр десе де, табалағанымыз емес, біз куә болып отырған көршіміздің тұрмысынан ондай леп еспейді. Дәл осы күндері ел халқы өзара қырқысқан күйде. Басқа уақыт емес, қасиетті Рамазан айында қырғыздар арасында жік шыққаны көңілге ұнамсыз. Мәселен, Қырғызстан Парламентінің жұма күндері жұма намазына түскі үзіліс беруді мақұлдайтын заңды қабылдаудан бас тартуы депутаттар мен халық арасында келіспеушілік туындатты. Істің насырға шапқаны соншалықты, Парламент бұл іске Қырғызстан Президентінің, Дін істері комитеті мен ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің араласуын сұрауда. Соңғы жарты жылдан бері Қырғызстанда жұма намазының уақыты күн тәртібінен түспейтін мәселеге айналды. Оған себеп — мұсылмандар санының артуы деп түсіндіруде қырғыз ақпарат құралдары. Қырғызстанның қоғам қайраткері, экс-омбудсмен Тұрсынбай Бәкір жексенбідегі демалыс күнін жұмаға ауыстыруды, сөйтіп басқа да мұсылман елдері сияқты қырғызстандықтардың діни парыздарын өтеп, демалуды ұсынған.

Өзбекстанда құлдыққа түскендер саны артуда

Өткен сандарымыздың бірінде өз-ағаңдардың әлем бойынша шайқорлардың көшін бастағаны туралы жазған болатынбыз. Бірақ, өкінішке орай, өз көршіміз «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманда, шәй ішіп мамыражай күн кешіп отырмаған екен.

ATTENTION EDITORS - IMAGE 34 OF 34 FOR PICTURE PACKAGE 'MOSCOW'S MIGRANT WORK FORCE'  Muslim migrant workers leave prayers on the first day of the Muslim holiday Eid al-Adha in Moscow November 6, 2011.  Russia?s demographic situation is one of the many factors that contributes to uncertainty in understanding the future of the country. Not only is Russia one of the only developing countries with a decreasing population, also the chaos of the 1990?s has produced a hole in the demographic curve meaning  there are fewer young adults now than should be expected in a standard population. The result is a small indigenous labor pool and a large influx of migrant workers to fill this gap. These workers are mainly from former Soviet countries in Central Asia ? Kyrgyzstan, Tajikistan, Uzbekistan, places with their own economic problems which contribute to migration.  The migrants generally do low-skilled and heavy work on building sites, in markets or on the streets. Official statistics put the number at just under a million, but unofficial estimates there are several million, mostly concentrated in and around Moscow.      Picture taken Novemer 6, 2011.         REUTERS/Denis Sinyakov (RUSSIA - Tags: SOCIETY POLITICS)

Walk Free Foundation ұйымы Дүниежүзілік құлдық мәселелерін зерттеумен айналысатын, әлем мойындаған бірден-бір ұйым. Енді осы ұйымның мәліметінше, Өзбекстанда республика халқының жалпы санының 4 %-ға жуығы құлдық жағдайда өмір сүреді екен. Қазақстанда ше? Өзгеге таң қалып, бас шайқайтын халіміз жоқ біздің де. Елімізде құлдық жағдайда өмір сүретіндер саны 81,6 мың (0, 467%) адам, Қырғызстанда  —  27,7 мың (0, 467%), ал Түркіменстанда —  15,8 мың (0,295%) адам екен. Walk Free Foundation ұйымының зерттеу жұмыстарының нәтижесінде заманауи құлдық түсінігі күштеп мәжбүрлеуден туындайтын қандай да бір іс-әрекеттер мен қозғалыстармен, зорлықзомбылықтармен, қатаң күш қолданып, қылмысқа итермелеу немесе алдау-арбау әрекеттерімен, зомбилықпен түсіндіріледі. Walk Free Foundation ұйымының «Құлдықтың халықаралық индексі» атауын иеленген мәлімдемесі үшін 167 мемлекеттегі жағдай назарға алынып, зерттелген екен. Рамазан айы қарсаңында орын алған Ақтөбедегі сойқанды ұйымдастырушылар да дәл осындай заманауи құлдыққа ұшырады ма, кім білсін?

Нұргүл ЖАМБЫЛҚЫЗЫ,

«Қазақстан-ZAMAN» газеті