ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров қызметінен босатылды

Ол 1976 жылы Алматыда туған. «Тұран университетін бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы «Мәдениет мәселелері жөніндегі республикалық ғылыми орталықтың» әлеуметтік-экономикалық мәселелер секторының жетекші маманы болып бастаған.

1998-1999 жылдары — «Қазақстанның шағын бизнесі» журналында маркетинг жөніндегі маман.

2001-2005 жылдары — «Новости недели» РГ» ЖШС тілшісі.

2005-2006 жылдары — «Қазақстан» РТРК» АҚ – «Астана» ТРО филиалы Ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының Алматы бюросының шеф-редакторы.

Әр жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2008-2010 жылдары — «Нұр-Медиа» ЖШС директоры, бас директорының орынбасары.

2011-2013 жылдары — «Түркі академиясы» КЕАҚ вице-президенті.

2014 жылы — «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры.

2016-2017 жылдары — қоғамдық қордың президенті.

2017-2020 жылдары — «ҚазАқпарат» ХАА» ЖШС бас директоры.

2020 жылғы қаңтардан бастап 2021 жылғы тамыз аралығында — «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ басқарма төрағасы.

2021 жылғы тамыздан бастап 2022 жылғы қаңтарға дейін — ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы Жарлығымен бүгінгі күнге дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметін атқарды.