Қордай ауданының екі ауылында полиция бөлімдерінің ғимараттарының құрылысы жүруде

Қордай және Сортөбе ауылдарында жаңа полиция бөлімдерінің ғимараттарының құрылысы жүруде.

Қордай ауылының «Батыс» ықшам ауданында 150 адамға арналған полиция бөлімі ғимаратының құрылысы ағымдағы жылдың маусым айында басталды. Құрылысты қолға алған «ҚазМұнайҚұрылыс» ЖШС қазір ғаимараттың табанын (котлован) қазып, екі гектардан асатын аумақты қоршау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Келесі жылы қолдануға берілетін Қордай аудандық полиция бөлімінің жаңа ғимараты құқық қорғау органдарына қажеттінің барлығын қамтитын болады.
Ал, Сортөбе ауылында құрылысы тамыз айында басталған полиция бөлімшесенің ғимараты 75 адамға арналған. Күні кеше аудан әкімі М.Мұсаев арнайы жұмыс сапарымен Сортөбе ауылына барып, құрылыс жұмысының барысын бақылап қайтты.

Қордай ауданының әкімдігі