«Қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызмет көрсету басты назарда»

Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде қоғам дамуыны­ң барлық­ саласында түбегейлі өзгерістер болып жатқаны бәрімізге белгілі.Соның ішінде сервистік мемлекет­тің тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекет­ті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылуда.
Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімді жүйесін құру мемлекеттік аппараттың алдындағы басты мақсаттарының бірі болып табылады. 2013 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы қабылданған күннен бастап осы саладағы құқықтық қатынастарды реттейтін негiзгi принциптер бекітілді, сондай-ақ іргелі болып табылатын және Қазақстанда мемлекеттік қызметтер жүйесін реформалауда маңызды рөл атқаратын тұжырымдамалық инновациялар оқшауланды.

Біріншіден, 2013 жылы Қазақстанда үйлестіру және бақылау жүргізу мақсатында денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және қамтамасыз ету, мәдениет, туризм және спорт салаларындағы құжаттандыру, рұқсат алу қызметтерін тіркеу, анықтамалық қызметтерді және т.б. қамтитын мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімі бекітілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңда көзделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» ұғымы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету аумағы кеңейтілді және онда келесі бағыттар ескерілді:- мемлекеттік органдардың белгілі бір функцияларын іске асыру;- көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асыру;- заңды және жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беру.

Екіншіден, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында, Заңнамаға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу ұғымы енгізілді.Шет мемлекеттердің тәжірибесін ескере отырып енгізілген бұл жаңашылдық арқылы қоғамдық сауалнама жүргізетін, оны жариялайтын, бағалайтын, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейтін арнайы ұйымдар Қазақстанда құрылды.Бұл ұйымдар халықты әлеуметтік сауалнама, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін заңнамаға сәйкес талдау, «құпия сатып алушы» және т.б. құралдарды пайдалана отырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылайды.

Үшіншіден, мемлекеттік көрстетілетін қызметтер туралы заңы мемлекеттік қызметтерді алушылардың кешенді құқықтарын, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану тәртібін реттейді.

Төртіншіден, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына азаматтардың қанағаттану деңгейіне талдау жүргізу арқылы бюрократияның деңгейін төмендету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуды оңайлату, сондай-ақ олардың тиімділігін арттыру мақсатында, мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және талдау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Қолжетімділік, ашықтық, сапалы және уақытылы қызметтерді ұсыну электронды түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы барынша қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар,электронды нысанда мемлекеттік қызметтерді көрсету құжаттарын жеңіл өңдеуді, қысқа мерзімде алуды, мемлекеттік қызметтің кұнын төмендетуді және лауазымды тұлғалар мен қызмет алушылардың арасындағы тікелей байланысты жоюды талап ететінін атап өткен жөн.

Бесіншіден, мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары әзірленіп, қабылданды. Қағидалар мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттарды, көрсету мерзімін, мемлекеттік қызметтерді алудың шарттарын, мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелерді және т.б. белгілейді. Сонымен бірге мемлекеттік қызмет көрсету қағидасы негізінде қызметалушы алынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына шағымдануына құқығы бар. Мемлекеттік қызмет көрсету қағидасы мекеменің ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бақылауға мүмкіндік береді және рәсімдеудің сапасы мен тиімділік деңгейін қамтамасыз етеді. Бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету қағидасы талаптарының бұлжытпай орындалуы мемлекеттік органдардың қызмет көрсету процесіндегі «ашықтығын» қамтамасыз етеді және қызмет алушыларға сапалы қызмет көрсетуге ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агентігінің негізгі бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау, қызмет алушылардың арыз шағымдары, сонымен қатар профилактикалық тексерулердің тізімі негізінде және есептік талдаудың, өзге бақылау нысандарының нәтижелері негізінде жүргізіледі.

2022 жылдың I жартыжылдығыныңқорытындысы бойынша Жамбыл облысында мемлекеттік қызметтер 21 орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, 11 облыстық басқармаларымен, сондай-ақ Тараз қаласы мен облыстың 10 ауданының жергілікті атқарушы органдарымен, мемлекеттік ұйымдармен көрсетіледі. Мемлекеттік органдармен 2022 жылы II тоқсанына сәйкес өңірімізде барлығы 6 043 408 қызмет көрсетілген.

Баламалы түрде қағаз нысанда ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 174 822 (2,9%) қызмет көрсетілсе, 2021 жылы 193 359 (4,6%) қызмет көрсетілген. Өткен жылмен салыстырғанда қағаз нысанды көрсетілетін қызметтер 1,7% азайып отыр.

Бірінші жартыжылдықта электронды түрде – 5 864 303 (97%) қызмет көрсетілсе, 2021 жылдың осы кезеңінде – 4 006 091 (94,6%) қызмет көрсетілген,яғни өткен жылмен салыстырғанда бірінші жартыжылдықта 2,4% артып отыр.

Ағымдағы жылы қызмет берушілермен тікелей қағаз нысанда 4 283 (0,1%) қызмет көрсетілді, 2021 жылы – 32 797 (0,8%) қызмет көрсетілген. Өткен жылмен салыстырғанда бірінші жартыжылдықта 0,7% азайды. Қазіргі таңда Агентіктің Жамбыл облысы бойынша Департаментімен аймақ тұрғындарын мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін алу тәртібі туралы, сонымен қатар мемлекеттік корпорация және электронды түрде мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы ақпараттану деңгейін жоғарылату тұрғысында мемлекеттік мекемелердің қызметін жандандыру жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бақылау саласы бойынша басты функцияларының бірі жеке тұлғалар мен коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша қолдау көрсету болып табылады.

Ескертпе: Егер мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу барысында құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне Тараз қаласы, Рысбек батыр бұрылысы, 8 «A» мекен-жайы бойынша немесе 43-88-49, 43-88-08 байланыс телефондарына хабарласуға болатынын хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ш.А.Сұлтанхан