ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

Бүгін қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешованы туған күнімен құттықтадым. Қоғам қайраткері 76 жасқа қадам басып отыр. Күләш Әмедияқызы өзінің еңбек жолында лауазымдық міндеттерін адал орындағаны, кіршіксіз қызметі үшін II дәрежелі «Достық» орденімен және көптеген мерейтойлы медальдармен марапатталған. Сарысу ауданының Құрметті азаматы. 2021 жылдың тамызынан бүгінгі күнге дейін Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметінде. 3 қыз, бір ұл, 7 немересі бар ардақты әже. Ғибратты ғұмыр иесіне мықты денсаулық, баянды бақыт, отбасына амандық тілеймін.

Бақытжан Орынбеков, Тараз қаласының әкімдігі