ҚФФ президенті Қазақстан футболы күнімен құттықтады

Барлық жанкүйерлерді, футболшыларды, жаттықтырушыларды, ардақты ардагерлерді және осы ойынды жақсы көретін барлық жандарды Қазақ футболының күнімен құттықтаймын!

Миллиондардың ойыны біздің елімізде нөмірі бірінші спорт саналады. Футбол – xалықты, елді, әлемді біріктіреді!

2002 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан Еуропа футбол қауымдастықтары одағының құрамына қабылданды. Бұл біздің ойыншыларға еуропалық аренада доп теуіп, әлемнің үздік командаларымен сынға түсуге, тәжірибе жинақтауға және отандық футболды дамытуға мүмкіндік берді!

Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтаймын! Денсаулық, табыс және жаңа жеңістер тілеймін!

Құрметпен, Ерлан Қожағапанов!