ҚАЗІРГІ ҚАРИЯЛАР ҚАНДАЙ?

     Қалың көрерменге театрда Қырманбай, телевизияда Ақылбай ақсақал болып танылған өнер иесі, актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыстың өзі де бүгінде елуді еңсерген жігіт ағасы. Үнемі «Қырыққа келген әйел әрін бермесе – қасиет, еркек қырыққа келсе де, ақыл кірмесе – қасірет» деп, осы күнге шейін не тындырдым, Алла алдында, ар алдында, ел алдында қандай күнә-кемшілігім бар деп өзін-өзі қамшылап жүретін актердың өнері де, өнегелі әңгімелері де көпке үлгі. Қара қылды қақ жарған дарынды азаматтың қариялар жөнінде айтқан сүбелі сөзі жуырда ғаламтор бетіне шыққан болатын.