Қазақтың әйелі – ұлттымыздың мақтанышы, мерейі

Қазақ әйелін толық тани алдық па?!

c4sejDNyҚадірлі оқырман, 2015 жылдың 12 маусымында Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  хатшысы Г.Н. Әбдіхалықованың ұйытқы болуымен  Қазақ хандығы құрылуының  550 жылдығына арналған Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық  саясат жөніндегі ұлттық комиссия, БҰҰ Қазақстандағы даму бағдарламасы өкілдігінің ұйымдастыруымен  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткен еді. Сондай ғылыми шараның негізінде  «Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар» атты арнайы кітап жарыққа шығыпты. Бұл кітап – қазақ тарихынан ойып тұрып орын алған қазақ әйелдерін танытуға, дәріптеуге бағытталған тұңғыш рет жан-жақты зерттеліп, тереңінен әрі көлемді түрде жинақталып құрастырылған ғылыми-әдеби еңбек. Кітап – осысымен де құнды, құнарлы. Алайда, кітап аз ғана таралыммен шыққандықтан барлық оқырманның қолына жетпеді. Біздің  «Ел Ана» сайтымыз осыны ескере отырып, оқырманның назарына  осы кітапқа енген әрбір мақаланы кезек-кезегімен жүйелі түрде ұсынуды жөн санадық. Біздікі – қазақ тарихында есімдері алтын әріппен жазылған қазақ әйелдерінің болмыс-бітін насихаттау, оқырманға қолжетімді деңгейде дәріптеуге бағытталған ниет қана.

               Ендеше, сайт айдарының беташар сөзі – қазақ әйелдерінің мәселесін көтеріп, гендерлік саясаттың жүзеге асуына атсалысып жүрген көрнекті мемлекет қайраткері Гүлшара Наушақызының кітапқа енген алғы сөзінен басталады. Оқыңыз, оқырман!

           Қазақ хандығының  550 жылдығы  аясында ұйымдастырылып отырған бүгінгі ғылыми-практикалық конференцияның ашылуымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын.

2015 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың терең саяси шешімінің арқасында бүкіл  ел болып атап өтіліп жатқан бұл айтулы дата-халықтың  ұлттық тарихи санасын тереңдетуге  және қазақстандық патриотизмді  күшейтуге кең жол ашып беруде.

Ұлт тарихындағы ұлы белестердің бірі  саналатын осы мерейлі  жыл ішінде елімізде рухани-мәдени маңызы зор көптеген елеулі  іс-шаралар ұйымдастырылуда.и Солардың ішінде, бүгінгі конференцияның тақырыбы тың, мазмұны ерекше деп білемін.

Өйткені, өрелі тарихымызда батырлар мен ақындарды дүниеге әкелген, ақылымен ел билеген және айбатымен жау қашырған аналар-қай кезде де қоғамның бағы мен бақыты, тірегі мен жүрегі, арманы мен жауапкершілігі бола білген.

Қазақ-қызын қадірлеген, анасын ардақтаған халық. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың: «Әйел-ошақтың ұйытқысы, алтын бесіктің иесі. Ел болашағының барлығы әйел азаматтардың қолынан өтеді» деген сөзі әрқашанда баршамыз үшін үлкен тағылым.

Бұл-біз межелеп отырған «Мәңгілік Ел» мұраттарының  айрықша астауларының бірі болып саналады.

Қазақ елінің  Азия менЕуропаның тоғысқан тұсында  орын тебуі халқымыздың салт-санасы мен дәстүріне шығыс пен батыстың озық үлгілерінің  қатар енуіне септігін тигізгені мәлім. Көшпенділер ұғымында  тіршіліктің бастауын, өмірдің жалғасын сабақтастырушы ретінде әйелдер қауымы ерекше құрмет тұтылған.

Біз ұлт танымына, ұлт парасатына, ұлт пәлсапасына өзгенің емес, өз көзімізбен қарайтын кезеңге көтерілдік. Сондықтан, жаугершілік замандарда кірмені өзекке теппеген, кеңестік кезеңде қуғын-сүргінге ұшырап, қазақ жеріне айдалып келген ұлттар мен ұлыстарды бауырына басқан, сол арқылы өзінің ерекше өмір сүру салтымен, ұлттық дәстүрімен толеранттылықтың үлгісін көрсеткен, «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың  тамаша қасиеттерін танып, ұлт тарихындағы ұлы аналардың ұлағатын  жас ұрпақтың санасына сіңіру-биз үшін көкейкесті мәселе. Осы «ұлт дәстүрі» деп аталатын генетикалық кодымыздың бастауы да, жалғастырушысы да-әйел-аналар екені ақиқат.

Халқымыздың арғы-бергі тарихында өмңр сүрген белгілі әйелдер ғалымдардың назарынан тыс қалмаған .Мысалы белгілі орыс зерттеуші Левшин Бопай ханым туралы:»Ол ханның әйелі жәнетақ мұрагерлерінің анасы ғана емес еді. Бопай- Әбілхайырдың айнымас серігі,ақылшысы,сенімді тірегі бола білді»деп таңдана жазды. Азия тарихын терең зерттеген саяхатшс Семенов-Тянь-Шанский дала ханшасы Айғанымның білімі мен тағлымына Ресей патшасы Александр 1 өзі таң-тамаша қалғанын жазды.

Ал ұлтымыздың аса көрнекті академигі,архиолог Әлкей Марғұлан Айғаным жазған хаттардың,құжаттардың саны бірнеше жүзге жеткенін жіне олардың көпшілі жеке адамдардың қолында сақталуы мүмкін деген болжамын айтып кеткен.

Сан ғасырлық тарихымызда ел бірлігі үшін  басын бәйгеге тігіп,жерін қорғау үшін атқа қонған,бір ауыз сөз бен билік айтқан, дана,батыр,шешен әйелдер туралы осындай деректер баршылық. Дегенмен,жазба деректер,нақты фактілер фактілер қамтылған құжаттар бүгінгі заманға толық жетпегені белгілі. Алдағы уақытта мұндай құнды дерктерді әлем елдерінің архивтерінен, өз еліміздегі дерек көздерінен жинастырып,ұрпақ игілігіне ұсынатын кез келді деп білемін.

Биыл ел болып атап өтіп жатқан қазақ хандығының 550 жылдығы аясында отандық тарихшы-ғалымдар алдағы уақытта зерделейтін бірқтар лакуналар бар деп ойлаймын. Соның ішінде, «қазақ хандығы» ұғымын мемлекетшілдік және дәстүр категорияларымен жүйелеп, байыта түсу керек деген пікірдемін. Хандықтың тарихи орнын тек билік лауазымы лауазымы ғана анықтамайтыны,оны анықтау барысында елдік мәртебесі мен парасаты,экономикасы,жер аумағы мен халқы, тіпті саяси истеблишменттігі әйелдердің үлесі қалыптасу де қамтылуы қажет деп есептеймін.

Яғни, хандық туралы толыққанды ұғым қалыптастыру үшін хан ордасында елдік деңгейдегі кеңесімен тарихта қалған – ханымдар мен ханшалар,би мен батырлардың аналары мен асыл жарлары туралы тарихи мағлұматтарды терең зерделеген жөн.

Бұлардың ішінде ханға әділдігін айтқан Қарашаштан бастап,ел тұтқасы болған Айғаным мен Фатима ханшалар,жауға қарсы шапқан ержүрек Гауһар мен Бопай сияқты батыр жарлар, есімдері тұтас жұрттың тәрбие бесігіне айналған Нүрила, Қызай, Қойсана, Қарқабат,Дәулетбике сынды аналардың рухани тұғыры уақыт өткен сайын асқақтай бермек. Өйткені олар- ұрпақтан – қрпаққа ауысып,, тәлім- тәрбиенің ұраны мен қағидатына айналған асыл тұлғалар.

Бұл ретте, бүгінге дейін ұлт тарихындағы осындай тұлғалы әйелдер- аналар тақырыбына арналған бірде бір ғылыми басқосулардың өтпегенін, арнайы жинақ пен энциклопедияның жарыққа шықпағанын да айта кетуіміз жөн.

Қазіргі таңда бүкіл Қазақстан қоғамы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған  « Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыруға жұмылуда. « Мәңгілік Ел» идеясы – елдегі тұрақтылық пентұтастықтың, рухани өрлеудің, бірлік пен келісімнің басты тұғыры. Бұл асқақ мұратқа қол жеткізуде бізге ең әуелі мемлекеттіліктің терең тарихын зерделеу  аса қажет. Мыңжылдықтарға тамыр тартып, сақ, ғұн дәуірлерінен батау алатын мемлекеттілік тарихында Орталық Азия аумағында тұңғыш рет ұлттық мемлекет ретінде құрылған Қазақ хандығы кезеңінің тарихи маңызы ерекше деп есептеймін. Соның ішінде, хандық дәуірдегі мемлекет өмірінде елеулі рөл  атқарған белгілі әйелдер туралы зерттеулер жүргізудің мәні зор.

Менің ойымша, Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында қазақ мемлекеттілігін қалыптастырып, дамытуға үле қосқан ханымдар мен арулардың ұлт алдындағы еңбегін байыптап, тағылымды өмірлерін жұртшылық назарына ұсыну үшін кешенді ғылыми жобаларды қарастыру қажет.

 Кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын мұндай жобаларды «Қазақ ханымдары мен арулары» және «Қазақ әйелдері:тарих және қазіргі заман» деп атауға болады. Бұл орайда жоғары оқу орындары гуманитарлық бағыттағы магистрлік және PhD диссертацияларының тақырыбына бұрын қарастырылмаған. Қазақ хандығы тұсындағы  әйел тұлғаларының қайраткерлігін, мұрасын зерттеу нысанасы етіп енгізген жөн болар еді деген ойдамын.

Сонымен бірге, халықтың тарихи танымын арттыру мақсатында «Қазақ ханымдары», «Қазақ әйелдері» деген тақырыптарда энциклопедиялық жинақтар әзірлеп, жарыққа шығарсақ игілікті істі ілгері бастыратынымыз анық.

Бұған қоса, халқымыздын тарихындаға тағылымдық кезеңдерді, жалпыұлттық құндылықтарды жастар санасына сіңіру үшін еліміздегі жоғары оқу орындарында «Ұлт дәстүрі» атты элективті курстар енгізуді жоспарлағанымыз жөн.

Бұл мәселелерді Білім жне ғылым министрлігімен бірлесіп сараптап, алдағы уақытта лайықты жүзеге асырады деген сенімдемін.

Тұтастай алғанда, ел дамуының ұзақ мерзімді бағдарламасы «Қазақстан-2050» стратегиясында және «Ұлт жоспары:100нақты қадамда» белгіленген әлемдегі ең озық отыз елдің катарына кіруде халықтың рухани-мәдени әлеуеті мен биік деңгейі ерекше рөл атқаратынын естен шығармауымыз керек. Яғни, ұлтымыздың ұлағатты тарихын, оның ішінде Қазақ хандығы кезеңінің мәні мен маңызын жадына сіңірген біздің халықтың осындай жасампаз істерді жасауға әлеуеті де, мүмкіндігі де жететініне ешқандай шүбәміз жоқ.

Конференция барысында айтылған идеялар, тұжырымдар, ұсыныстар мен ой-пікірлер игілікті істердің бастауы болуына тілектеспін.