Қазақстанда бронх демікпесінің алдын алу бойынша онкүндік басталды

Бүгін еліміздің барлық аймақтарында 7 мамырға дейін созылатын Бүкіләлемдік демікпе күніне қарай  бронх демікпесінің алдын алу бойынша онкүндік басталды,-деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Шараның мақсаты – халықтың бронх демікпесі тудыратын қауіп-қатерлер туралы хабардарлығын арттыру, аталған аурудың алдын алу бойынша қоғам күшінің топтасуын жүзеге асыру болып табылады.

Бронх демікпесі – аурудың гиперреактивтілігі және ауыр тыныс алудың қайта-қайта ұстауы немесе бронхының тарылуы, сілемейдің көп бөлінуі, бронх қабырғасының ісінуі байқалып, бронхтың бітелуінің нәтижесінде тұншықтыратын бронхтың созылмалы аллергиялық қабынуы.

Демікпе дамуының аса қауіпті факторлары қоршаған ортадағы және аллергиялық реакция тудыратын заттектерге генетикалық бейімділік болып табылады.

Бронх демікпесімен ауыратын пациенттер өз ауруын бақылауда ұстай алады және толыққанды, сапалы өмір сүре мүмкіндігіне ие.

 Осы кең таралған және әлеуметтік мәні бар аурудың пайда болуы мен даму қаупін барынша төмендету үшін салауатты өмір салтына, оның ішінде күн тәртібін сақтау, дұрыс тамақтану, жеткілікті дене белсенділігімен айналысу, темекі, ішімдіктен бас тарту, дәрі-дәрмектерді үйлесімді қолдану туралы хабардарлықты арттыруға дағдыландыруға топтық және жеке-дара деңгейде үйрететін шаралар өткізген абзал.

Осы тұрғыда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары» ұлттық  орталығы Бүкіләлемдік бронх демікпесі күніне негізделген онкүндік шараларын ұйымдастырып, өткізу туралы ұсынымдар жасады. Бұл – бронх демікпесін ерте диагностикалау мен алдын алу бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының медқызметкерлері үшін семинар-тренингтер өткізу, салауатты өмір салты қағидаларын сақтау; демікпе, қауіп-қатерлердің мінез-құлық факторлары мектептерінде, мамандардың кеңесі көрсетілетін темекі тартуға қарсы орталықтар мен кабинеттердегі мамандардың кеңесімен бірге сабақтар жүргізу; темекі шегудің алдын алу мәселесі бойынша оқыту шаралары.

Сонымен бірге, білім беру ұйымдарында педиатрлар, пульмонологтар, аллергологтар және т.б. мамандардың қатысуымен бронх демікпесінің алдын алу туралы сынып сағаттарын өткізу бойынша; денсаулық сақтау машықтарын қалыптастыру бойынша рөлдік ойындар мен сабақтар жайында; жетекші медициналық мамандардың, атақты спортшылардың қатысуымен «Денсаулық жарнамасы» флеш-мобтарын өткізу, «Бронх демікпесі қатерлері», «Қауіп-қатердің мінез-құлық факторлары (темекі, ішімдік қолдану, нашақорлық) бронх демікпесінің даму факторы ретінде» атты тақырыптарда конференциялар, пікірталастар мен дискуссиялар өткізу туралы ұсынымдар жасалды.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын мамыр айының бірінші сейсенбісінде «Демікпеге қарсы ғаламдық бастамалар» (Global Initiative for Asthma) бастамасы аясында ДДҰ жариялаған Дүниежүзілік демікпе күні 1998 жылдан бастап аталып өтеді.