Қазақстан Оңтүстік Кореямен бірлесіп E-Gov-ты дамытатын болады

 Пусан қаласында (Корея Республикасы) 3.0 «2016 Government 3.0 Global Forum» атты электрондық үкіметтің жаһандық форумы өтіп, оған АКТ саласындағы ведомстволардың басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ шамамен 15 елден әлемнің жетекші ғалымдары қатысуда.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Корея Республикасына жұмыс сапары шеңберінде аталған форумның жұмысына қатысты.

Іс-шара мемлекеттік қызметте инновацияны енгізуге қатысты түрлі мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді және осы мәселелерде жетекші орынға ие болып отырған елдердің тәжірибелерін қабылдауға көмектеседі. Корея Республикасының Үкіметтік әкімшілігі және ішкі істер министрлігі мен ЭЫДҰ және мемлекеттік басқару саласындағы БҰҰ жобаларының орталығы (UNPOG) форумның ұйымдастырушылары болып табылады. Форумның салтанатты ашылуында алғы сөзбен ЭЫДҰ мемлекеттік хатшысының орынбасары азаматша Мари Кивиниеми сөз сөйледі.

Аталған форумның шеңберінде Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Корея Республикасының Мемлекеттік басқару және ішкі істер министрлігі арасында электрондық үкімет саласында ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөнінде Меморандумға қол қойылды. Құжатқа Дәурен Абаев пен Хонг Юн-сик қол қойды.

Аталған меморандум ақпараттық-коммуникациялық салада Корея Республикасымен серіктестік қатынастарда жаңа қадам болу тиіс, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда болжамды мақсаттарға қол жеткізуге жәрдемдесу қажет, сондай-ақ тәжірибемен алмасуға, инвестицияларды тартуға және АКТ жобаларын іске асыруда консультациялық қолдау көрсетуге ықпал көрсетуі қажет.

Құжатқа қол қою кезінде тараптар АКТ саласында халықаралық ынтымақтастықтың үлкен әлеует екенін атап өтті, сондай-ақ әрі қарай бірлескен жұмыстың тереңдетілуіне қызығушылықтарын білдірді. Рәсімнің қорытындысы бойынша Министр Дәурен Абаев өзінің әріптесін ресми сапармен Қазақстан Республикасына келуге шақырды.

Бұдан басқа, форум алаңында Министр Ұлттық Банкінің АКТ жобаларының басшысы Джейн Трейдвэлмен кездесті, онда ынтымақтастықтың ағымдағы мәселесі, сондай-ақ одан әрі өзара іс-қимылдың келешегі талқыланды.

Сонымен қатар, Кореяға сапар шеңберінде ҚР АКМ мен «Зерде» холдингі делегациясының Korea Expressway Corporation және ISAN Corporation компанияларымен жұмыс кездесуі өткізілді. Қазақстандық тарапқа “Smart highway” бойынша шешімдер таныстырылды, сондай-ақ жолдардың ағымдағы жай-күйінің деректер талдауын пайдалана отырып, нақты уақыт режимінде Smart highway компоненттерінің тәжірибелік көрсетілімі өткізілді. Қосымша ретінде, Оңтүстік Кореяның барлық автомагистральін қамтитын, кешенді ақылды жүйеге интеграциялаудың техникалық шешімдері мен мүмкіндіктері егжей-тегжейлі көрсетілді. Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстандық тарап аталған компанияларды «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыруға шақырды.

Анықтама:

Корея Республикасы электрондық үкіметті дамыту мен енгізу бойынша әлемнің көшбасшысы болып табылады (2010, 2012, 2014 жылдары E-Government Global Survey БҰҰ есебі бойынша 1 орын, 2016 жылы 3 орын). Қазіргі уақытта Корея Республикасы «Үкімет 3.0.» саясаты — мәліметтерді бірлесіп пайдалануға, ашықтыққа, коммуникацияға және ынтымақтастыққа бағытталған іс-шаралар кешенін әзірлеуде. 

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі