Қазақстан әлемнің ең бай елдері рейтингінде Ресейден жоғары тұр

Америкалық Global Finance Magazine басылымы әлемдегі ең бай елдердің рейтингін жасады, оған 185 мемлекет кірді. Тізім Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының негізінде жасалды.

Басылым халықтың сатып алу қабілетінің тепе-теңдігін ескерді, ол өмір сүрудің салыстырмалы құны мен елдегі инфляцияның деңгейін басты назарға алады.

Посткеңестік кеңістіктегі елдер арасында ең бай мемлекет Литва (41-орын) мен Эстония (42-орын) болды. Мұндағы халықтың сатып алу қабілетінің деңгейі 28 245 және 27 729 долларға тең. Одан кейінгі орында Қазақстан — 50-орын. Біздегі көрсеткіш — 25 367 доллар.

Ресей мен Латвия 51 және 52-орында (25 350 және 25 195 доллар). Әзірбайжан мен Беларусь — 64 және 65-орында. Түркменстан 77-орынға жайғасты. Сонымен қатар, бұл тізімде Украина (109-орын), Армения (116), Өзбекстан (127), Молдова (132), Қырғызстан (142), Тәжікстан (153) бар.

Global Finance Magazine әлемдегі ең бай ел деп Катарды атады (146 000 доллар). Екінші орында Люксембург (94 167), үшінші орында — Сингапур (84 821).

Басылымның тұжырымы бойынша, әлемдегі ең бай 25 елдің қатарына Бруней, Кувейт, Норвегия, БАӘ, Гонконг, АҚШ, Швейцария, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Нидерланды, Ирландия, Австралия, Австрия, Швеция, Германия, Тайвань, Канада, Дания, Оман, Исландия, Бельгия және Франция кірді.
Kaz.tengrinews.kz