«Қазақстан – Ұлы дала елі»

                                                  Бәйге! Бәйге!

    «Қазақстан – Ұлы дала елі» атты Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған байқаудың ұйымдастырушылары: ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Нұр Отан» партиясы және халықаралық «Қазақстан-ZAMAN» газеті. Қадірлі ұстаздар, оқушылар қауымы бәріңіз де бұл байқауға қатысыңыздар. Бәйгеге жеңімпаздар да, қатысушылар да ұтылмайды. Себебі олардың бәріне де бағалы сыйлықтар, марапаттаулар, сертификаттар, алғысқа толы арнаулы және ресми алғысқа толы хаттар күтіп тұр. Бәйге мерзімі биылғы наурыздан келесі жылдың наурыз мейрамына дейін. Бәйгеге қатысушылардың таңдаулы мақалалары халықаралық «Қазақстан-ZAMAN» мен «ЕлАна» сайтында жарияланады.

Байқаудың толық нұсқасы, ережелері, шартары, мақсаттары, міндеттері халықаралық «Қазақстан ZAMAN» газетінің №11-12 санында (17 наурыз, 2016 ж.) жарияланған.

Кәнеки, қадірлі ұстаздар, оқушылар! Бәйгеге қатысыңыздар, тек өз ұжымдарыңызды ғана емес, еліміздің мерейін де тасытасыздар! Ал кәнеки, бәйге басталды. Сәт сапар тілейміз!

«ЕлАна»