«NURORDA» мектеп-лицейінің тынысы

«NURORDA» мектеп-лицейінің « Сабақтан тыс» жобасының негізінде белгілі қазақстандық эстрадалық  «Ринго» тобының әншісі, Алматы қаласындағы қазақ- түрік лицейінің түлегі Аян Бірбаевпен кездесу өтті. Оның оқушы кезіндегі қызықтар, өнер жолындағы еңбегі, достарымен қарым – қатынасы, бос уақыты, мақсат – мұратқа жетудегі ой- пікірлерімен бөліскен кеш өте тартымды өтті.

«NURORDA» мектеп-лицейінде қаңтар айының 18-23 аралығында «Қазақ тілім – менің ұлттық мәртебем!» тақырыбында апталық өткізілді. Тіл мен төл әдебиетімізге арналған іс – шаралар  оқушыларға керемет көңіл-күй сыйлады.

Астана қаласының білім басқармасы және  қалалық «Дарын» ғылыми- практикалық орталығымен бірлесе отырып, мектебімізде «Жұлдызды Олимп -2016» атты республикалық олимпиадаға жолдама алған Астана қаласының құрама командасының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау өткізілді. Биылғы жылғы олимпиаданың ең үздік есімі ретінде біздің мектебіміздің 9 «с» оқушысы Хомар Шыңғыс болып марапатталды. Себебі,  біздің Шыңғыс химия пәнінен 100 ұпай жинаған жалғыз оқушы.

«NURORDA» мектеп-лицейінің « Сабақтан тыс» жобасы бойынша  осы аптада тәуелсіз режиссер, атақты киношебер Роберт Родригестің өзінен дәріс алған, «Болашақ» халықаралық бағдарламасымен  Техас университетінде оқыған, Шымкент қазақ- түрік лицейінің түлегі,  « Он и она» фильмінің  режиссері Сәкен Жолдаспен кездесу болып өтті.

NURORDA FILM FEST-2016 өткізілді.  Ақпан айының 26 күні оқушыларымыздың өз  шығармашылығымен түсірілген деректі, көркем фильмдерінің  ең үздіктері таңдалды.Бұл  ауқымды іс-шараның мақсаты шығармашыл жастарымыздың тың идеяларына, жаңа әдістеріне мүмкіндік ашуға, елімізді дамытуда көздеген мақсаттарына  жол көрсетуге бағытталды. Фильм-фестивальға ұсынылған деректі фильмдер достық, уақыт, әлеуметтік проблемалар сияқты өзекті тақырыптар қозғалды. Фильм-фестиваль қорытындысында 11 номинация бойынша: «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік сценарий», «Үздік дыбыстық әрлеу», «Үздік актер», «Үздік актриса», «Үздік оператор», «Үздік редактор», «Үздік постер», «Арнайы марапат» марапаттаулар берілді.

Заман ағымына орай қай жаққа қарасақ та, тың жаңалық, оң өзгерістердің куәсі боламыз.  Бүгінгі таңда күнделікті тіршілігімізге қажетті тұрмыстық қалдықтар мәселесі – біздің мектебімізде ғана емес, республика көлемінде нақты шешуді қажет етіп отырған өзекті мәселелердің бірі. Осыған орай,  «NURORDA» мектеп-лицейінің оқушылары наурыз айының 15 күні  1-6 сыныптар аралығында ұйымдастырылған «Жас эколог» жобасы  аясында «Қайта өңде, таңғалдыр!»  көрмесіне өздерінің ұтымды идеяларын ұсынды.  Көрмедегі туындылар, қоғамға пайда келтіру, еңбекке баулу қабілетін дамытуды көздейтін , қолданылған заттарды қайта өңдеп  пайдалануға болатындығын  насихаттау мен қолдауға бағытталды.            «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей,  жаңаша ойлауға тырысатын  жас  бүлдіршіндердің  көрмедегі туындылары, он саусағынан тамған өнерлері көпшілікті таң қалдырып, керемет үйлесімдерін тапты. Бұл жоба-біздің мектебімізде жыл сайын ұйымдасырылып дәстүрге айналдырамыз.

Наурыз айының 16 күні «NURORDA» мектеп-лицейінде  бүлдіршіндер  мен        жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін  жетілдіру мақсатында  қосымша білім беру бағдарламасы бойынша үйірмелердің  «Еліміздің жарқын болашағы-біз!» тақырыбы аясында шығармашылық есеп беру концерті  өтті. Күмбірлеген күйдің үнін өздерінің жұдырықтай жүрегімен сезініп, қолына домбыра ұстаған күйшілеріміздің майысқан саусақтарымен пернені басқаны, мың бұралып билеген шәкірттеріміз, күміс көмей әншілеріміз сахна төрінде ата – аналарын, ұстаздарын керемет қуанышқа бөледі. Киелі сахнадан шыңдалатын өнерпаздардың өмірдің үлкен белестерінен алары сөзсіз.ba231b_b758017b174841378922ce93c9b1cad6Жалпы білім беретін пәндер наурыз айының 14- 19 аралығында Көкшетау қаласында Республикалық олимпиада өтті.  Республикалық олимпиадаға  жолдама алған  8 оқушымыздың  әрқайсысы жүлдемен оралды.Ұстаздарымыздың еңбегі  бағаланып,  мектебіміздің мәртебесі көтерілді.

  1. Қуантай Аманжол ( биология пәні) – алтын медаль
  2. Смагулова Ажар( математика пәні) күміс медаль
  3. Кемел Нұрдаулет (физика) – күміс медаль
  4. Өміржанқызы Камиля (биология) – күміс медаль
  5. Ан Никита ( физика)- күміс медаль
  6. Қоянбаева Жұлдыз – (биология) қола медаль
  7. Хомар Шыңғыс ( химия) – қола медаль
  8. Алпысбаев Әмірхан (математика) – қола медаль                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»  болып білім додасынан  жүлдемен оралған шәкірттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    «ЕлАна» ақпарат